Сегіз облыста көлік қозғалысы шектелді
Қазақстанның бірнеше өңірінде республикалық маңызы бар тас жолдардың кейбір учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді. Бұған ауа райының қолайсыздығы себеп болып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
«ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ ұсынған дерекке сәйкес, 8 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 31 учаскесінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілді. Олар:
- Ақмола облысы – 14 учаске;
- Жамбыл облысында – 1 учаске;
- Жетісу облысында – 1 учаске;
- Қарағанды облысында – 3 учаске;
- Қостанай облысында – 5 учаске;
- Солтүстік Қазақстан облысында – 5 учаске;
- Түркістан облысында – 1 учаске;
- Ұлытау облысында – 1 учаске.
Айта кетсек, жоғары аталған өңірлерде көліктің барлық түріне шектеу енгізілді.
Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар автожолдарда 407 техника жұмыс істеп жатыр.
Фото: Нұрболат Нұржаубай