Қазақстанда теле және радиохабарлар тарату уақытша тоқтатылады
Қазақстанда осы сенбіде теледидар мен радио шамамен 14 сағат жұмыс істемейді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазтелерадио" АҚ таратқан мәлімет бойынша, 2023 жылғы 23 желтоқсанда сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін (Астана уақыты бойынша) "Қазмедиаорталығының" хабар тарату өзегін жаңғыртудың кезекті кезеңін аяқтау шеңберінде барлық технологиялық кешеннің желілік жабдығын ауыстыру жоспарланған.
"Сондай-ақ "Қазтелерадио" АҚ спутниктік, цифрлық және аналогтық эфирлік желілерінің техникалық құралдарында сервистерді өшіре отырыппрофилактикалық жұмыс жүргізетін болады. Осыған байланысты көрсетілген уақыт кезеңінде эфирлік, кабельдік және спутниктік телерадио хабарларын тарату желілерінде теле, радиоарналарды тарату тоқтайтыны туралы хабардар етеміз", – делінген хабарламада.
"Қазтелерадио" АҚ уақытша қолайсыздық тудырғаны үшін кешірім сұрады.