Ел өңірлерінде көктайғақ қаупі бар
Қазгидромет синоптиктері 18 желтоқсан, дүйсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады.
Оған сенсек, бүгін Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың ықпалымен қар жауады.
Еліміздің солтүстік-батысында толассыз қалың қар жауып, оңтүстік-батысында, оңтүстігінде жауын-шашын болады.
Республиканың тек солтүстік, шығыс, оңтүстік-шығыс өңірлеріне жауын-шашын жоқ, күн ашық.
Қазақстан бойынша бұрқасын соғып, көктайғақ болады, екпінді жел тұрады.
Елдің батысында, оңтүстік-батысында және оңтүстік-шығысында тұман түседі.
Фото: Ашық дереккөзден