Мандаринді қандай өнімдермен бірге жеуге болмайды?
Жаңажылдық дастарханды мандаринсіз елестету қиын. Мандарин өте дәмді және пайдалы жеміс. Ол С, В1 және В2 дәрумендеріне, бета-каротин, жасұнық және антиоксиданттарға бай. Бұл тәтті жемісті балаларда жақсы көреді. Мандаринді жеп бастаған адамның өзін-өзі тоқтатуы қиын. Алайда оны қанша және қалай жеу керек? Мандаримен бірге қандай өнімдерді үйлестірмеген жөн?
Фото: pixabay.com
Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/layfstayl/96384/
Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/layfstayl/96384/
Мандариндер аллергенді өнімге жатады, сондықтан күніне 4-5 мандарин жеу жеткілікті. Сондай-ақ мандаринді күндіз жеген жөн. Егер цитрустыларды кешкісін жесеңіз, олар қыжыл және басқа да ішек бұзылыстарын ынталандыруы мүмкін.
Кез келген жемісті, соның ішінде цитрустыларды да басқа өнімдермен араластырмай, өздерін бөлек жеу ұсынылады. Мысалы, оны таңғы немесе түскі ас ішкеннен кейін 1,5-2 сағаттай уақыт өткен соң жеу керек.
Себебі барлық цитрустылар, соның ішінде мандариндер де өнімдермен нашар үйлеседі. Мысалы, сүт ішкеннен кейін мандарин жесеңіз, казеин ақуызы мен органикалық жеміс қышқылдарының үйлесімі газдың көп түзілуіне әкеледі. Ал егер мандаринді жануар ақуыздарымен (балық немесе ет) бірге жесеңіз, ол ішекте шіріткіш процестің іске қосылуына ықпал етуі мүмкін. Сондай-ақ мандарин мен алкогольді араластырмау керек, себебі алкоголь тамыр қабырғасының өткізгіштігін арттырып, аллергиялық реакция тудыруы мүмкін.
Алайда мандаринді сүтқышқылды өнімдермен, мысалы, сүзбе, қаймақ, ірімшікпен бірге жеуге болады. Сонымен қатар онымен көкөністерден дайындалған салатты безендіруіге болады.
Мандаринді кімдерге жеуге болмайды?
Барлық цитрустыларды асқазан-ішек жолының қабыну аурулары (гастрит, панкреатит, гепатит) және бауыр аурулары бар адамдарға жеуге болмайды. Цитрусты жемістерде органикалық табиғи қышқылдар өте көп болғандықтан, ол науқастағы қабыну процестерін асқындырып жіберуі мүмкін. Сондай-ақ цитрустылар кей дәрілермен үйлесім таппайды.