Балаға құрманы неше жастан бастап беруге болады?
Құрма — дәмді және пайдалы жемістердің бірі. Бұл жеміс түрі қазан айында пісіп, дүкен сөрелерінде көктемге дейін болады. Құрма бала ағзасы үшін пайдалы болуы үшін ата-ана оны оған қай жастан бастап және рационға қалай енгізу керегін ескеру керек.
Бұл жемістің құрамына ондаған микро және макроэлементтер, дәрумендер, жеміс қышқылдары кіреді. Ол тұмау кезінде иммунитетті қатайтады және ағзаның вирустар мен бактерияларға төзімділігін арттырады. Құрма ағзаны қыста дәрумен жетіспеушілігінен қорғайды. Құрамындағы бета-каротиннің арқасында ол көруге және сүйектерге пайдалы. Калий мен магнийдің көп мөлшері жүрек және қан тамырлар ауруларының алдын алады. Сондай-ақ құрамында темір көп болғандықтан, ол гемоглабинді арттырады және анемиямен күреседі.
Пайдалы қасиеттерінің көптігіне қарамастан, оған да қарсыкөрсетілім бар екенін ескеру қажет:
- Бұл жемісті көп жеу іш қатуды шақырады. Сондықтан, әдетте, педиатрлар оны іш қатуға бейім балаларға бермеуді ұсынады;

- Тәтті құрмада жеңіл сіңетін көмірсулар көп, сондықтан оны қант диабеті бар адамдарға жеу ұсынылмайды;
- Оған төзімсіздік бар болса, оны жеуге тыйым салынады;
- Құрма әлсіз несеп айдағыш әсерге ие. Сондықтан оны қуық және басқа несеп-жыныстық аурулары бар балаларға беруге болмайды;
- Құрманы 1 жасқа толмаған балаларға беруге болмайды, себебі оның құрамындағы илік заттардың жоғары шоғыры ішек өтімсіздігін тудырады;
- Жаңа піскен құрманы сүтпен бірге ұсынуға болмайды, мұндай үйлесім асқазан-ішек жолы проблемаларын туғызады.
1 жастағы балаға құрма бергенде абай болу керек. Оны мәзірге біртіндеп және аз аздан қосыңыз. Балада оған аллергия жоқ екеніне көз жеткізіңіз. Себебі құрмаға аллергия жиі кездеседі. Аллергия кезінде жүрек айну, асқорыту процесінің және нәжістің бұзылуы, терінің қызаруы немесе бөртуі байқалуы мүмкін.
Балаға құрманы неше жастан бастап берген дұрыс?
Көпшілік педиатр құрманы бала рационына 3 жастан бастап қосуды ұсынады. Себебі бұл кезде баланың асқорыту жүйесі толықтай қалыптасады және жемістегі өсімдік жасұнығын қорыта алады.
Баланы бұл жеміспен «таныстыру» үшін оның тазартылған кішкентай бөлігін таңғы астан соң беріңіз. Бұл күні бойы бала ағзасының жаңа жеміске реакциясын бақылауға мүмкіндік береді. Аллергия болмаса және басқа да жағымсыз реакциялар орын алмаса, оны балаға аптасына бір реттен беріп тұрыңыз. Жемісті балаға ең алғаш рет ұсынған кезде оның тәтті сұрыбын таңдаған жөн. Ұсынылатын порция — 10-15 г. Егер жеміс балаға ұнамаса, оны мәжбүрлемеңіз: жаңа жемісті рационға бірнеше апта өткен соң тағы қосып көресіз. Егер балаңызда асқорыту жүйесіне қатысты проблемалар болса, оған құрманы 4-5 жасқа дейін бермей тұра тұрыңыз.