Жалаң аяқ жүгіру есте сақтау қабілетін арттырады
Жалаң аяқ жүгіргендердің есте сақтау қабілеті шамамен 16% артқанын байқаған ғалымдар спорттың осы түрін жақсы көретіндерге аяқ киімін шешіп, жүгіруді кеңес етеді. Бұл тқжырымды Солтүстік Флорида Университетінің ғылыми қызметкерлері қолдады. Өйткені жалаң аяқ жүру есте сақтау қабілетін жақсартады. Зерттеудің нәтижесі Perceptual and Motor Skills журналында жарияланды.
Жүгіргенге дейінгі және жүгіруден кейінгі ерікті қатысушылардың есте сақтау қабілетінің деңгейін өлшеп жүргізілген үдеріске барлығы 18 бен 44 жас аралығындағы 72 ерікті қатысты. Олар шамамен 16 минуттай жалаң аяқ жүгірген екен.