Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№97 газет

20 желтоқсан 2025 ж.

№96 газет

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 газет

13 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Елімізде аяздың беті қашан қайтады?

Елімізде аяздың беті қашан қайтады?

Синоптиктер алдағы үш тәулікке арналған ауа райы болжамын жариялады. Болжамға сәйкес, алдағы үш күнде Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ашық ауа райы сақталады, дегенмен аязды күндер қайта басталады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанның шығысы арктикалық антициклонның ықпалында болады. Сондықтан мұнда аязды температура әзірге тұра береді. 15-16 желтоқсанда атмосфералық фронттардың әсерінен республиканың батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қар жауады.

Республиканың батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында жел күшейіп, боран соғады, таулы аймақтарда тұман түседі, республиканың батысында шаңды дауыл тұрады.

«Ауа температурасы түнде бірте-бірте көтеріледі. Батыста – 5-15 градус аяз, солтүстік-батыста және орталықта – 10-25 градус аяз, солтүстікте – 17-28 градус, оңтүстікте – 5-18 градус, оңтүстік-шығыста – 10-25 градус аязға дейін жылынады», дейді мамандар. 

Десе де, Қазақстанның шығысында 30-40 градус аяз сақталады. 

Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ
13 желтоқсан 2023 ж. 220 0