Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » 1 күнде 10 азаматтық істер медиация тәртібімен тоқтатылды

1 күнде 10 азаматтық істер медиация тәртібімен тоқтатылды

Соңғы жылдары еліміздің сот саласында жасалған бірқатар реформалардың арқасында азаматтық дауларды бейбіт жолмен шешуге мүмкіндік туды. Қабылданған шаралар өз жемісін беріп, даулар сотқа дейін аяқталуда.

Сотқа дейінгі хаттама негізінде тараптар сотқа өз уәждері мен дәлеледемелерін ұсына отырып хаттама ұсыну арқылы бір-біріне талап-тілектерін айтуына және оның қаралу мерзімі он бес күнге ұзарғаны белгілі. Осы бағытта татуластырушы судьялар талап қою түскен күннен бастап белсенді қызмет атқарып, қос тарапты бітімге шақырып, дауды сот өндірісіне қабылдамай-ақ аяқтап келеді.

Мысалы, Сырдария аудандық сотында 2023 жылдың қараша айының 21-і күні, яғни 1 күнде 10 азаматтық іс бойынша тараптар келісімге келіп медиация тәртібімен тоқтатылды.

Бұл ретте аудандық соттың судьяларымен қатар, қоғамдық негіздегі медиаторларға ұсыну арқылы сотқа дейінгі татуластыру рәсімдері жүргізілгендігін атап өткен жөн.

Дауды шешудің аталған әдісінің тиімділігі өте жоғары. Себебі бұл істер бойынша соттың ұйғарымымен тараптар арасындағы азаматтық істер бойынша дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімі бекітіліп, іс жүргізу дереу тоқтатылып, талап қоюшыларға төлеген мемлекеттік баж алымдары қайтарылды.


Сырдария аудандық соты
Фото: ашық дерекөзден
24 қараша 2023 ж. 165 0