Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » "Zhas Рroject" байқауына өтініш қабылдау басталды

"Zhas Рroject" байқауына өтініш қабылдау басталды

Бүгіннен бастап NEET санатындағы жастарға арналған "Zhas Project" шағын грант алу байқауына өтініш қабылдау басталды.

Аталмыш жобаға 18-35 жас аралығындағы жастар қатыса алады. Жобаның басты мақсаты - NEET санатындағы жастарды жергілікті қоғамдастықтың әлеуметтік-экономикалық өміріне және нәтижелі жұмыспен қамтуға бағытталады. Байқауда осал топтар мен шалғайдағы елді мекен жастарына да ерекше басымдық берілмек. Бұл туралы облыстық жастар ресурстық орталығында арнайы брифинг өтті.

–Жалпы жоба 3 кезең бойынша жүзеге асырылады. Атап айтқанда, Бірінші кезеңде – қатысушылардан өтініштерді қабылданады және іріктеледі, екінші кезеңде – кәсіпкерлік дағдыларға оқыту, тәлімгерлік қолдау, жобаларды іске асыру, ілгерілету және дамыту бойынша кеңес алу жүргізілсе, үшінші кезеңде - «Zhas Project» кәсіпкерлік апталығы өткізіледі. «Zhas Project» қатысушыларына бірнеше талаптар қойылады: ҚР азаматы болуы, қатысушының жасы өтініш беру кезінде 18 -35 жас аралығында болуы керек, егер азамат өтініш берген кезде 35 жасқа толып кеткен болса, онда ол байқауға қатыса алмайды, өтініш берген кезде облыста тұрақты немесе уақытша тіркеуі болуы, өтініш беру кезінде азамат уақытша жұмыссыз жастар мәртебесінде болуы керек, - деді «Zhas project» жобасының Қызылорда облысы бойынша тәлімгері Әкімбек Әлібек.

Айта кетейік, шағын грантқа өтініш 09-22 қазан аралығында қабылданады. Ал өтініштерді байқауға іріктеу 23 қазан мен 31 қазан аралығында өтеді. 1 қарашада байқау жеңімпаздары хабарланады. «Zhas Project» шағын гранты – бір адамға 1 млн теңгеге дейін беріледі. Өтініш беруші конкурсқа қатысу үшін тек 1 әлеуметтік жоба ұсына алады. Байқау туралы толығырақ https://www.zhaspro.kz сайтында өтініш қалдыруға, сондай-ақ жоба туралы ақпарат алуға болады.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
09 қазан 2023 ж. 114 0