Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 71 газет

07 қыркүйек 2024 ж.

№ 70 газет

03 қыркүйек 2024 ж.

№ 69 газет

30 тамыз 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » Алғаш рет педагогтердің кәсіби мерекесі 5 қазанда атап өтіледі

Алғаш рет педагогтердің кәсіби мерекесі 5 қазанда атап өтіледі

Биыл алғаш рет Ұстаздар күнін атап өту – 5 қазанға бекітілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Еске салайық, Үкіметімен тиісті қаулы қабылданған болатын.

Бұл күн Дүниежүзілік мұғалімдер күнімен сәйкестендірілген. Мереке ең асыл, жауапты әрі маңызды мамандық өкілдерін біріктіреді.

Бұл күні елордада Педагогтердің республикалық съезі өтеді. Оған еліміздің барлық аймақтарынан 700-ге жуық ұстаз қатысады. Кездесу алаңында педагогтер ең озық және халықаралық тәжірибелерімен бөлісе алады.

Айта кетейік, бүгінде Қазақстанның білім беру саласында 500 мыңға жуық мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру педагогі жұмыс істейді.

Мемлекет басшысының қолдауымен 2019 жылы маңызды мәселелердің бірі – педагог мамандығына ерекше мәртебе беру туралы шешім қабылданды.

Төрт жыл ішінде педагогтердің жалақысы екі есеге өсті. 220 мыңға жуық мұғалімге тағайындалған санаттарына қарай 50 пайызға дейін үстемеақы төленуде. Өндірістен қабылданған техникалық және кәсіптік білім беру педагогтері жалақысына 35 пайызға дейін қосымша ақы алады. Осы жылдың қыркүйек айынан бастап 97 мың мұғалімнің жалақысы тағы 30 пайызға өсті.

Фото: egemen.kz
25 қыркүйек 2023 ж. 89 0