Жаса, жастық!
Өрле, жастық!
Өрле сен самғау шыңға,
Саған күнә от болып жанбау сында.
Уылжыған күн нұры келбетіңде,
Ғашықтардың тілегі бал дауысыңда.
Жайна, жастық!
Жайна сен шырайланып,
Бақыт құсы төбеңде тұр айналып,
Қанатымен жебесін!
Сен құлпырсаң,
Құрып кеткір,
Қайғы-мұң былай қалып,
Шырын дүние шаттық ән құрайды анық.
Жаса, жастық!
Қарайын сүйіне мен...
Болашаққа жол тартсын жиі кемең!
Арман – желкен,
Сапарда жолсерігің
Шабыт буып,
Толғағы жиілеген,
Бұрқасынды,
Дауылды, құйын – өлең.
Қыран құстай саңқылдап үнің сенің,
Сөйле, жастық,
Сөйлейтін күнің сенің!
Сен бар ғой деп,
Жасытпай күш-жігерін,
Қайрат жиған бойына,
Бүгілсе елің...
Жаның алау,
Алдыңда жауапты сын,
Жанартаудай сілкінген ғажап күшің!
Самғау үшін заңғарға, күміс қанат
Қазақстан ұшырған азат құсы,
Сен болашақ алдында жауаптысың!
Ел намысын қорға сен,
Ер намысын,
Шартараптап естілсін өр дауысың!
Қайна, жастық,
Дүбірлет,
Күллі ғалам
Жасыра алмай қарасын таңданысын!
Сен – Жерімнің жасарған орманысың,
Сен – Елімнің қуатты қорғанысың.
Жаса мәңгі,
Жастық шақ,
Адамзаттың
Шұғыла шашқан
Болашақ таңдары үшін!!!
Өрле сен самғау шыңға,
Саған күнә от болып жанбау сында.
Уылжыған күн нұры келбетіңде,
Ғашықтардың тілегі бал дауысыңда.
Жайна, жастық!
Жайна сен шырайланып,
Бақыт құсы төбеңде тұр айналып,
Қанатымен жебесін!
Сен құлпырсаң,
Құрып кеткір,
Қайғы-мұң былай қалып,
Шырын дүние шаттық ән құрайды анық.
Жаса, жастық!
Қарайын сүйіне мен...
Болашаққа жол тартсын жиі кемең!
Арман – желкен,
Сапарда жолсерігің
Шабыт буып,
Толғағы жиілеген,
Бұрқасынды,
Дауылды, құйын – өлең.
Қыран құстай саңқылдап үнің сенің,
Сөйле, жастық,
Сөйлейтін күнің сенің!
Сен бар ғой деп,
Жасытпай күш-жігерін,
Қайрат жиған бойына,
Бүгілсе елің...
Жаның алау,
Алдыңда жауапты сын,
Жанартаудай сілкінген ғажап күшің!
Самғау үшін заңғарға, күміс қанат
Қазақстан ұшырған азат құсы,
Сен болашақ алдында жауаптысың!
Ел намысын қорға сен,
Ер намысын,
Шартараптап естілсін өр дауысың!
Қайна, жастық,
Дүбірлет,
Күллі ғалам
Жасыра алмай қарасын таңданысын!
Сен – Жерімнің жасарған орманысың,
Сен – Елімнің қуатты қорғанысың.
Жаса мәңгі,
Жастық шақ,
Адамзаттың
Шұғыла шашқан
Болашақ таңдары үшін!!!
Қатира Жәленова,
ақын,
Қазақстан Жазушылар
одағының мүшесі
ақын,
Қазақстан Жазушылар
одағының мүшесі