Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ЕР ЖІГІТТІҢ НАЗАРЫНА...

ЕР ЖІГІТТІҢ НАЗАРЫНА...


1.Ердің екі сөйлегені-өлгені. Уәде бермеуге тырыс. Әйтпесе, сөзіңде тұр. 
2. Қысқа, нұсқа сөйле. Дауысың анық болсын. 
3. Көп тыңда. Аз сөйле. Сөзіңнің артынан ісіңмен үлгеруге жаныңды сал. 
4. Өсек айтылатын жерде болма. Кездейсоқ болған жағдайда қосылма. Кесіп тастауға тырыс 
5. Таспен атқанды аспен ат- жеңісің! Содан кейін алшақ жүр. 
6.Ренжітпе! Жүйелі қарғыс иесін табады. 
7. Ешқашан мақтанба! Жұрт мақтасын. 
8. Өзіңді сыйла. Өзгелер сыйласын. 
9.Күнде өзіңе есеп бер. Өзіңді тәрбиелей бер. 
10. Құмар ойын - әлсіздің әлегі. Мықтының рухы биік, денесі шымыр. 
11.Үйретері мол мықтылардан ұстаздарың болсын. Бірақ, ешкімді пір тұтпа. 
12.Сыйлағанның құлы бол. Кішірею төмендеу емес. 
13. Ең алдымен өзіңе өзіңнің көңілің толатындай өмір сүр. 
14. Саяхатта. Дүниетанымыңның аясы кеңейеді. 
15. Қайтарымынан үмітті болсаң, жақсылық жасама. 
16. Жүйкең әлі талай қажет болады. Болмашыға тоздырма. Шешуші сәттерге бапта. 
17. Бойжеткеннің көңілің оңай жаулағаныңа, онымен болғаныңа шаттанып, сөз қылма. Ерлік емес! 
18. Уайымға салынудан алшақ бол. Арба да сынбайтын, өгіз де өлмейтін шешім қабылда. Тез шешім қабылда 
Тәуекел түбі жел қайық жүзесің де өтесің. Уайым түбі тұңғиық батасың да өтесің 
19. Уәзірі мықтының тірлігі жеңіл. Мықтысың таңда! 
20. Сырыңды ешкімге алдыртпа! Екі елі ауыздыңа сыймаған сөз өзгенің отыз екі тісінің арасына тіптен сыймайды. 
21. Мүмкін нәтижелерін елестетіп көр. Нәтижесі ұнамаса, келіспе. 
22. Өкпелеме. Өш алма. Санасына бер. Аллаға тапсыр! 
23. Қыран құстай қырағы бол. Өзгелерді өзіңдей көрме. 
24. .Пенденің пендеден айырмашылығы адамгершілігі мен білімінде. Таны, оқы! 
25. Өнер үйрен. Мамандығыңда мықтысы бол. 
26. Жер қозғалмаса қозғалмайтын сабырлы зіл бол. 
27. Өміріңнің сапасына тек сен жауаптысың 
28. Әпкеңе,қарындасыңа қорған бол. Тұрмыста болса да өз күйеуі-қорғаны бар деме. Сенің орның тым бөлек. 
29. Ең жақсы сыйлықтарды апаң,қарындасың мен әйеліңе жаса, маған сыйлағаның болсын. 
30. Үйленуге асықпа. Жар таңдаудан жаңылма 
31. Ұрпақ тәрбиесі елу пайыз сен мойыныңда. Ұлың өзіңнен озатын болсын! Қызың саған қарап серігін тауып бақытты болсын. 
32. Ердің аз міндеттерінің бір отбасын асырау. Саған сенгендерге ешнәрседен таршылық көрсетпе. 
33.Барлық жақсы қасиеттің діңгегі әдептілік. Барлық жақ сыны әдептің үстіне орнат. 
34. Кім қанша төмен түссе де, сен өзі биігіңде қал 
35. Мықты болсаң, әйелге барып дәлелде! Балаларыңның анасын бақытты етіп өт. Жарыңның саған риза болып өткені мен үшін ұлы мадақ.
03 ақпан 2019 ж. 1 515 0