Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Оқушылар 25 мамырға дейін оқитын болды

Оқушылар 25 мамырға дейін оқитын болды

Бұл туралы «Әділетті Қазақстан: сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт» тақырыбында өтіп жатқан тамыз кеңесінде белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Премьер-министрдің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қолдау министрі Тамара Дүйсенова оқу жылының ұзақтығы 25 мамырға қайта ауысатынын мәлімдеді.

Оқу жылының ұзақтығына қатысты өз ойымды айтқым келеді. Осы мәселеге қатысты қоғамда түрлі пікірлер болды. Педагогикалық қауымдастық ұсыныстарын да айтты. Бұл әлемдік тәжірибе екенін мойындау керек. Алайда мұндай өзгеріске тыңғылықты дайындалу керек. Менің ойымша, министрліктің шешімі дұрыс болды, бірақ асығыс қабылданды. Осыған байланысты келе жатқан оқу жылын 34 апталық оқу жылына қайтарып, сабақты 25 мамырда аяқтау дұрыс деп есептеймін, - деді Дүйсенова тамыз кеңесінде.

Былтыр министрлік жазғы демалысты қысқартып, оқу жылын 31 мамырға дейін ұзарту туралы шешім қабылдаған болатын.

Нақтырақ айтқанда, жазғы демалыс 1 маусымнан 31 тамызға дейін 92 күнге созылады. Ал оқушыларымыз үшін соңғы қоңырау 1 маусымда соғылған еді.

Оқу жылының ұзаруы мен соңғы қоңырауды 1 маусымға қоюына қатысты ата-аналар тарапынан шағым да түскен болатын.

Фото: ашық дереккөзден
25 тамыз 2023 ж. 259 0