Қызылордада Жастар күні кең көлемде тойланады
Биыл Сыр елінде «12 тамыз – Халықаралық жастар күні» мерекесі ерекше форматта өтеді. Аталған шараны «Жастар ресурстық орталығы» ұйымдастырмақ. Сәйкесінше, бір апта көлемінде 110 іс-шара өткізіліп, 20 мыңға жуық жасты аталмыш іс-шараға тарту жоспарланған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен баспасөз конференциясында облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры Талғат Тлес мәлімдеді.
– Жастар күнін Сыр өңірінде атап өтудің облыстық іс-шаралар жоспары әзірленді. Жоспарға сәйкес бірінші күн яғни, 7 тамыз - «Мүмкіндіктер күні» аясында ерекше жастарға арналған SMM және мобилография курстары, «Ел ертеңі – Жас Сарбаз»атты «Жас сарбаз» жасөспірімдер әскери патриоттық қозғалысының патриоттық акциясы, «Жастар денсаулығы» тақырыптықашық есік күндері ұйымдастырылады. Ал 8 тамыз – «Балаларға қуаныш сыйлау күні» аясында«Мектепке жол» акциясына үлес қосу, «Бар қуаныш балаларға» акциясы, аймақ волонтерлері және белсенді жастардың атсалысуымен балалар ойын алаңдарына жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. 9 тамыз – «Эко сана күні» аясында Жастардың «Taza Alem» экологиялық акциялары, тазалық бағытындағы тақырыптық шаралары ұйымдастырылады. 10 тамыз - «Абай күні»аймақ жастарының қатысуымен Абай Құнанбайұлына тағзым ету шарасынан бастау алады.Аймағымыздағы жастар және ерекше жастар арасындағы облыстық спорттық турнирлер өтеді. Жастар күнінің негізгі шарасы OPENAIR форматындағы гала-концерт ұйымдастырылады. Шарада аудандық спорттық спартакиадалар қорытындыланып, әрбір ауданның шығармашыл жастары сахна төрінде өнер көрсететін болады. Мұнымен қоса, ашық аспан астында жас кәсіпкерлер өнімдерінің көрмесі және «Тәуелсіздік ұрпақтары» жобасының жеңімпаздары, «Үздік аудандық, қалалық жастар орталығы» және «Үздік қызметкер» байқауының жеңмпаздары марапатталатын болады. 11 тамыз – «Жас отбасылар күні»аясында «Мүмкіндіктер керуені» мемлекеттік бағдарламалар бойынша ақпараттық-түсіндіру шаралары және жас отбасылар арасындағы түрлі форматтағы конкурстар және психологиялық тренингтер ұйымдастырылады, – деді Талғат Оспанұлы.
Сондай-ақ, атаулы күні «Еңбек күні» аясында барлық деңгейдегі жастар ресурстық орталықтарының базасында күндізгі жастар лагерлері өткізіледі. Бұған қоса «Бір толқында» жастар арасында Street workout сайысы, еңбеккер жастар арасындағы сайыстар ұйымдастырылып, 12 тамыз – Халықаралық жастар күніне арналған мерекелік концертпен түйінделеді. Мұнан өзге, әлеуметтік желілерде жастар арасында #JastarDay блиц сауалнамалар мен челлендждер ұйымдастырылады.

Қызылорда облысының өңірлік коммуникациялар қызметі