Құрылтай
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№58 газет

04 тамыз 2026 ж.

№57 газет

01 тамыз 2026 ж.

№56 газет

28 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » 21 шілдеге арналған ауа райы болжамы

21 шілдеге арналған ауа райы болжамы

Қазгидромет ел аумағында 21 шілдеде болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады.

Атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақаталады, жаңбыр жауады, күндіз Ақмола облысында – қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Тек республикамыздың батыс және оңтүстік-батыс бөліктерінде антициклонның әсерінен ауа райы - жауын-шашынсыз.

«Күндіз Атырау, Жамбыл облыстарында, Маңғыстау, Қарагаңды, Шығыс Қазақстан, Ұлытау, Абай облыстарының оңтүстігінде 35-38°С қатты ыстық күтіледі.
Түркістан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қарағаңды, Ұлытау, Жетісу, Абай облыстарының басым бөлігінде, Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында, Қызылорда облысының орталығында, шығысында, Павлодар облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында, Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында, Атырау облысының батысында төтенше өрт қауіпі сақталады», - деп жазды ведомстводан.

Алматы облысының, Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, Қостанай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі.
21 шілде 2023 ж. 309 0