Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған штаб отырысы өтті
Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Жанмұрат Сейіловтың төрағалығымен нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған қызметті үйлестіру жөніндегі қалалық ведомоствоаралық штаб отырысы өтті, деп хабарлайды gov.kz.
Жиында күн тәртібіндегі негізгі мәселелер бойынша жауаптылардың баяндамасы тыңдалды. Нақтырақ айтсақ, қалалық полиция басқармасының «Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл» бөлімінің басшысы Айбек Қалыбеков қала аумағында есірткі құралдарын тарату деректерін анықтау мен жолын кесу бағытында атқарылған жұмыстар және алға қойылған міндеттер туралы тоқталып өтсе, Қызылжарма ауылдық округінің әкімі Медет Сейілов ауылдық округтегі жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру және жастар арасында нашақорлықтың алдын алу, салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытында атқарылған шараларды баяндады.
«Талдауға сәйкес есірткіні тұтынушылардың басым бөлігі жастар контингенті. Есірткісіз қоғам құру – Қазақстанның әрбір азаматының алдындағы міндет болып табылады. Сондықтан тиімді күресті жалғастыру үшін барлық құзырлы органдармен бірлескен жұмыстар атқарылып, профилактикалық бағыттағы іс-шараларды күшейтуіміз қажет», - деді Жанмұрат Жақсымұратұлы.
Отырыстың соңында штаб төрағасымен қаралып отырған мәселердің өзектілігіне байланысты нақты тапсырмалар кешені берілді.