ТАУЫҚ ЖҰМЫРТҚАСЫНЫҢ ҚАБЫҒЫ...
Жұмыртқа қабығы оңай қортылатын, ағзамызға пайдалы — таптырмас кальций көзі.
Рахит, балалардың тістерінің дұрыс өспеуі, омыртқалардың қисаюы мен осал тістер, кәрі адамдардың сүйектерінің тез шытынағыштығы мен сынғыштығы — сүйектердегі кальцийдің жетіспеушілігінің салдары. Ағзадағы кальцийалмасудың бұзылуы қаннның аздығына, тез салқынтигіштікке, аллергияға, еріндегі герпестерге душар етеді.Әйелдерде ақ етеккір бөлінгіш болып, түсік тастағыштық, толғақ кезіндегі әлсіздікке, жатыр бұлшықеттерінің әлсіз болуына да кальцийдің аздығы себеп. Ал енді ағзамыздағы бұл жетіспеушілікті түзеу қыйындау мәселе. Хлорлы кальций, гипс, бор сияқты нәрселердің адам ағзасына қортылып сіңіуі өте қыйын.
Тауық жұмыртқаларының(бөдененікі айтпасада) қабығы 90% кальций карбонатынан тұрады(көмірқышқылдық кальций) да оңай қортылады. Оның құрамында ағзаға қажетті барлық микроэлементтер: мыс, фтор, темір, марганец, молибден, фофор, күкірт, цинк, кремний және басқалары — барлығы 27 элемент табылады! Ең маңыздысы кремний мен молибденнің барлығы — біздің күнделікті тамағымызда бұл элементтер жоқтың қасы. Олар болса ағзамыздағы биохимиялық реакциялардың дұрыс түлуінің негізгі себепшілері. Жұмыртқа қабығының құрамы адамның сүйектерімен тістеріне таңқаларлықтай сәйкес, онымен қоймай жұлындағы қан жасаушаларының жұмысын күшейтеді. Сәйкесінше, ағзаның түрлі радиациалық әсерлерге шыдамдылығы арта түседі.
Тамаққа қосылатын ұнтақталған қабықтардың — ағзаға пайдалы жоғары терапевтік белсенділігі мен бактериалық немесе басқа зиянды нәрселердің жоқтығын көрсетті. Үйрек немесе қаз жұмыртқаларының ондай қасиеті жоқ.
✅ Бір жастан бастап сәбилерге берудің пайдасы айтарлықтай.
Венгриялық доктор Кромпехер төмендегідей кеңестер береді:
— профилактикалық мақсатта жүкті әйелдерге(міндетті түрде);
— 1 жаспен 6 жас аралығындағы балаларға берілуі аса маңызды;
— (19—20)жасқа дейінгі жастарғада артықтығы жоқ;
— ересектерге жылына екі рет жасалған алдын алу шарты(профилактика) пайдалы.
✅ Жұмырқа қабығы ағзадағы радионуклидтерді шығаруға да үлкен себебін тигізетіндіктен, экологиялық қауіпті аймақтардағыларға пайдасы орсан зор. Себебі ол жұлынға жиналып қалатын стронций-90ды жойып отырады.(күніне 2 ден 6 граммға шейін қолданылуы керек).
Қолдану әдісі тым оңай. Тазалап жуу жеткілікті. Кішкене балалар үшін 5 минутай қайнатылады. 1,5 нан 3 граммдайын жақсылап майдалап(кофеүгіткіштен өткізбеген дұрыс) күнде бір рет жас мөлшеріне байланысты қабылданады. Таңертеңгілік аспен бірге қабылданады(каша, қатық).Батыс елдерінің аптекаларында 1970 жылдан бері сатылады екен.
жалғасы болады
Пікір 2