Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Батыр есімін қосақтаудың қажеті қанша?

Батыр есімін қосақтаудың қажеті қанша?


Өткен жылдың қарашасында жер жаннаты Жетісудан Сырдың Қызылын кесіп өтіп, Қуаңдария бойындағы Қызылжар өңірінде мәңгілік тұрағын тапқан Ақша батыр мен оның немересі Ерімбет шайырдың басына арнайылап барып, зиярат еттім. Жанымдағы серігім Ақшаның Көлдейбегімен бір туған Бұланбайының Есмырзасынан, оның Үрметбегінен тарайтын, бүгінгі таңда арғы бабасы Ақша батырдың бейіт-мұнарасы мен Ерімбет атасының мешіт-мектебінің қамқоршысы болып, жарғақ құлағы жастыққа тимей жүрген Рүстембек інім еді.
Ең алдымен етектегі төрт бірдей бауырымен (Қосмамбет, Атантай, Атымтай, Адай) ашық аспан астында қатар жатқан Ерімбет шайыр атамыздың бейітіне топырақ салып, марқұмдардың әруағына арнап құран бағыштадық. Көрегенділігімен болашақты бағдарлай білетін және асыл дініміздің жергілікті жерде орнығуы мен талапты жастардың діни сауатын ашу мақсатында, туысы, мыңғырған малды Бұланбай бай бастаған ағайынды 19 отбасының көмегімен осыдан жүз қырық жылдай бұрын (шамамен 1880 ж.) салынған мешіт-мектебін тағы бір аралап шықтық. Сосын әудем жердегі жота басындағы атақты Ақша батырдың бейіт-мұнарасына бет алдық. Екі аралық екі-үш шақырым. Жарықтық заманында қолына егеулі найза ұстап, туған жері мен елін жат жұрттан қорғаған Ақша бабамыздың басына ұрпақтарының бертінде қойған шеңбер іспеттес көкке бой созған бейіті (7-8 метр) алыстан мен мұндалап тұрды. Айналасы қалың сексеуіл. Төңірегі темір шарбақпен қоршалған. Бұланбай ұрпақтарының бертінде батыр бабасының рухына арнап қойған ескерткіш белгі аға ұрпаққа деген құрметті аңғартады. Жердің шалғайлығына қарамастан осында келіп, кетушілер қатары азаймай отырғаны қоршау ішіндегі кәрі сексеуіл бұтағының бір ұшына теңге түйіп байланған ақтықтан-ақ сезіледі...
Өкінішке қарай, бейіт – мұнара ауласынан сыртқа шыққанымызда қарсы беттегі шағын темір қоршау көзімізге оғаштау болып көрінді. Бұл турасында Рүстембек інім бұған дейін хабардар етсе де онша мән бермеген едім. «Бақсам, бақа екен», – дегендей сырт адамға көзге шыққан сүйелдей болып көрінетін әлгі темір шарбаққа: «1946 жылы аса қауіпті “Сібір жарасы» (Сибирская язва) ауру ошағы тіркелген. Бір бас уақ мал өлген. Адам өміріне өте қауіпті. «Ақша батыр» ауру ошағы», – деген тақтайша ілініпті. Әйтсе де бұл орынды қоршап, ескертпені ілген мекеме атауы, орнатқан жылы көрсетілмеген. Бізді еріксіз қапаландырғаны осы салаға жауапты мекеме (ветеринарлық инспекция немесе станция, ауылдық округ) басшылығы үшін арада білдей жетпіс екі жыл өтсе де бір кездегі ауру ошағына Қуаңдария бойы немесе Қызылжар өңірі демей, ел қорғаны болған Ақша батырдың есімін қосақтап жазудың қаншалықты қажеттілігі бар еді?! Қалай десек те, құзырлы мекемелер кезінде жеке бір адамдардың сауатсыздығынан жіберілген кемшілікті түзетудің (мерзімі өтсе ол орынды жабуды ескеру) тиісті шарасын қарастырғаны абзал-ақ. Тегінде осындай білімсіздіктен батыр бабамыздың атақ-даңқына нұқсан келтіретін өрескел іс-әрекетке өте абай болғанымыз жөн-ақ!
Қараша ҚАРАМАН,
Алматы облысы
30 сәуір 2018 ж. 1 241 2

Гость JeaOrer от 13 ақпан 2019 13:47
Viagra Remboursement Discount isotretinoin cheap cialis Clomapramine Online Order Australia Amoxicillin With Coumadin

Гость JeaOrer от 5 наурыз 2019 08:37
Order Viagra For Women Zithromax Oral Suspension cialis Buy Prevacid 42 Count Pastillas Levitra