Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада 15 «SOS» дабыл батырмасы іске қосылды

Қызылордада 15 «SOS» дабыл батырмасы іске қосылды

Қызылорда қаласы аумағындағы құқық бұзушылықтар мен орын алған қылмыстардың алдын алу және шұғыл әрекет ету мақсатында азаматтарға арналған сервис «102» арнасы мен «102» мобильді қосымшасы жұмыс жасайды, деп хабарлайды Syrboyi.kz.

Бұдан бөлек, қазіргі таңда облыс орталығындағы азаматтар көп шоғырланатын орындарда «102» «SOS» дабыл батырмасының 15 құрылғысы орнатылып, Қызылорда қалалық Полиция басқармасы заманауи техникамен толығуда.

«SOS» түймесін басу арқылы тәулік бойы Жедел басқару орталығына видео арқылы қоңыраулар келіп түседі. Құрылғылардың орналасуы бейнебақылаумен жабдықталған, қиын жағдайда бұл кезекші бөлімнің қызметкеріне жағдайды өз бетінше бағалауға мүмкіндік береді. Құрылғы жерден бір метр биіктікте орналасқан. Оларды тіпті балалар да қолдана алады.

«SOS» дабыл батырмасы мына мекенжайлар бойынша орнатылған, атап айтқанда Орталық алаңда, «Студенттер сарайы», «Универсам» сауда үйі, Мұратбаев пен Бұқарбай батыр көшелері қиылысындағы ескерткіштің жаны, Қорқыт Ата мен Өсербаев көшелерінің қиылысында, Сол жағалаудағы «Жастар орталығы», «Теміржол вокзалы», «Aray City Mall» ойын – сауық сауда орталығы, Журба көшесі бойында орналасқан «Сырдария» сауда үйі, «Тағзым алаңы», «Жаңа базар», Хон Бен До көшесінің бойындағы «Океан» және «Рүстем» сауда орталықтары, Қорқыт ата көшесі №55 үйдің жаны.

Құрметті облыс тұрғындары! Егер өзіңіздің немесе өзгенің қауіпсіздігіне немесе өміріне қауіп төніп тұр деп ойласаңыз, мас адамның рөлге отырғанын көрсеңіз, басқа да құқық бұзушылық пен қылмыстың куәсі болсаңыз, күдікті адамды байқасаңыз, полицияға дереу хабар беріңіз.
26 мамыр 2023 ж. 92 0