Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№17 газет

03 наурыз 2026 ж.

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қызылордада көпқабатты үйдің қасбеттерi жаңартылып жатыр

Қызылордада көпқабатты үйдің қасбеттерi жаңартылып жатыр

Бүгінде Қызылорда қаласында 26 көпқабатты тұрғын үйдің қасбеті қайта жаңғыртылуда. Аталған жұмыстар жергілікті демеушілердің, атап айтқанда қала құрылысшылары мен кәсіпкерлерінің қолдауымен жүргізілуде. Кәсіпкерлердің бұл игілікті қадамы туған жерге тарту жасаудан туындаған.

Жоба бойынша бұл жұмысқа жалпы ауданы 40 000 шаршы метр заманауи материалдар қолданылады. Соңғы үлгідегі, сапалы материалдармен қапталған тұрғын үйлердің қасбеті шаһардың сәулеттік келбетіне жарасымды көрік береді.

Қазір Абай даңғылындағы №37, 39, 41, 43, 44, 46, 54, 62 үйлер, Мұратбаев көшесіндегі №17 үй, Сырдария шағын ауданындағы №1 және №2 тұрғын үйлердің сыртқы қасбетін әрлеу жұмыстары басталып кетті.

Қызылорда қаласының әкімдігі
22 мамыр 2023 ж. 349 0