Ұйымшылдық үлгісін көрсетті
Әділетті Қазақстанды құру жолында елімізде саяси реформалар жүзеге асуда. Еліміздің ертеңі үшін маңызды шешімдер қабылдану үстінде. Мәселен, 19 наурызда ел тұрғындары ҚР Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттардың депутаттарын сайлауына қатысты.
Сыр өңірінің халқы бұған дейінгі көрсетіп келе жатқан мызғымас бірлігін көрсете білді. Саяси науқанды мерекелік көңіл-күймен қарсы алған жергілікті тұрғындар таңертеңнен бастап өз таңдауын жасауға келді. Ресми түрде сайлау учаскелер ашылғаннан бастап, дауыс беруге келген халықтың қарасы мол болды. Аудан көлемінде Наурыз мерекесінің қарсаңында өткізілген сайлау күні көпшілікке көже таратылды. Саяси додадан қалыс қалмаған еңбек ардагерлері ұйымшылдық үлгісін көрсетті. Өсіп-өнген, өркенін кеңге жайған отбасылардың мүшелері өзі қалаған үміткерлерге қолдау көрсетіп, белсенділігімен көзге түсті.
Аудан көлемінде жүзеге асқан сайлаудың өткізілу барысын шетелдік байқаушылар қатаң қадағалады. Өзге мемлекеттерден келген меймандарға қазақ халқының әдет-ғұрпы таныстырылды. Байқаушылар саяси науқанның өткізілуіне жоғары баға берді. Республика бойынша көш басында тұрған Сыр өңірінің халқын Алла Тағала ынтымақ-бірліктен айырмасын!
Мұса КЕЛДІБАЕВ,
аудандық ардагерлер
кеңесінің төрғасы
аудандық ардагерлер
кеңесінің төрғасы