Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды

Облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды

Жоғары білімді Әділхан Орынбасаров жер кадастры саласында 2009 жылдан бастап жемісті еңбек етіп келе жатқан білікті маман. Өз жұмысына тиянақты, тапсырмаларды сапалы орындайтын азамат жақында облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Білікті маманға бұл жолғы марапат «Жерге орналастыру, геодезия және картография күні» кәсіби мерекесіне орай берілді. Облыс әкімінің Алғыс хатын облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Қ.Сәрсенбаев пен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалы директоры А.Әбибуллаева табыстады.

«Сізді Жерге орналастыру, геодезия және картография күні кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Сіз кәсіби шеберлігіңіз бен іскерлігіңіздің арқасында өңірдегі жер қатынастары саласының дамуына, жер пайдаланушыларға сапалы мемлекеттік қызмет көрсетуде өз үлесіңізді қосып келесіз. Сыр өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуына сіңірген еңбегіңіз үшін Сізге алғыс білдіремін. Ел игілігі жолындағы қызметіңізге табыс, зор денсаулық, отбасыңызға амандық тілеймін» делінген облыс әкімінің Алғыс хатында.

Бүгінде Орынбасаров Әділхан Нұрланұлы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалы – Тіркеу және ЖКР кадастры бойынша Сырдария аудандық бөлімінің маманы қызметін атқарып келеді. Аудан тұрғындарына сапалы қызмет көрсетіп, қоғамда қадірлі, ұжымдас әріптестері арасында сыйлы маман атанған азаматты марапатымен құттықтаймыз!
13 наурыз 2023 ж. 230 0