Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№17 газет

03 наурыз 2026 ж.

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Әркім өз бабасына ескерткіш қоя берсе, елде рушылдық, жершілдік белең алады - Тоқаев

Әркім өз бабасына ескерткіш қоя берсе, елде рушылдық, жершілдік белең алады - Тоқаев

Мемлекет басшысы әкімдермен және мемлекеттік органдардың басшыларымен өткізген кеңесі барысында белгілі адамдарға екерткіш ашудың сәнге айналып кеткенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Соңғы кезде бір аймаққа ғана белгілі адамдарға ескерткіш орнату сәнге айналды. Жергілікті ономастика комиссиялары бұған жол бермеуге тиіс. Орынсыз шешімдерге Республикалық комиссия тосқауыл қоюы керек. Әркім өз бабасына ескерткіш қоя берсе, елде рушылдық, жершілдік белең алады. Осыған назар аударыңыздар", - деп атап өтті Президент өз сөзінде.

Мемлекет басшысының айтуынша, кеңестік кезең қайраткерлеріне, соның ішінде жаппай қуғын-сүргінге тікелей қатысы бар адамдарға ескерткіш, бюст орнату ісі әлі жалғасып келеді.

"Өмірде болмаған ерлік істерге толы өмірбаяндар ойдан құрастырылып жатыр. Олар туралы деректер архив құжаттарында нақтыланбаған немесе мүлде жоқ. Кейбір белсенді топтар азаматтарымызды кеңестік кезеңдегі партия және мемлекет қайраткерлерінің аңызға бергісіз өмірбаяндарына сенуге мәжбүрлеп жүр", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
13 наурыз 2023 ж. 239 0