Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Еңбек қауіпсіздігі – басты назарда

Еңбек қауіпсіздігі – басты назарда

Дүниежүзіндегі есептеулерге сүйенсек, қазіргі таңда жер бетінде 7,7 млрд адам өмір сүреді екен. Сол адамдардың бар­лығы дерлік күн көру үшін, күнделікті тұрмыс қажетін өтеу үшін белгілі бір жерлерде еңбек етеді, жұмыс істейді. Әр ма­ман­дықтың, әр жұмыстың өзіндік қиындығы мен қызығы бар.

Қай жерде жұмыс жасасақ та, ең алдымен әр маманның амандығы, қауіпсіздігі басты назарда болу керек. Қоғамымыздың басты мақсаты – еңбекті адамның бірінші кезектегі өмірлік қажетіне айналдыру. Міне, сондықтан да әрбір қызметкер тиімді еңбек ету үшін оларға қажетті жағдай жасау, денсаулығын сақтау, еңбек жағдайының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәсіби сырқат және өндірісте зақымдануды болдырмау қажет.

Халық денсаулығын сақтау – әлемнің кез келген елінің маңызды міндеті. Қызметкердің денсаулығы мен еңбек ету қабілетінен айырылуы медициналық, әлеуметтік, экономика­лық, демографиялық проблема болып табылады. Еңбек ету қабілетінен жартылай немесе толығымен айырылуы қызмет­кер­ді негізгі тіршілік көзінен – еңбек ету қабілетінен айырады. Бұл жалақысынан айырылуына, соның салдарынан мате­риалдық жағдайының нашарлауына әкеліп соғатыны белгілі.

Мектептегі еңбек қауіпсіздігі және қауіпсіздік техникасы – оқушылар мен оқытушылар құрамының денсаулығын қор­ғауға бағытталған маңызды шаралар. Осы әрекеттердің барлығы нақты жазылып, танысу үшін қолжетімді болуы керек. Мектептегі еңбекті қорғау әрбір оқушы мен мектеп қыз­меткерінің жеке қауіпсіздігіне қатысты. Балалар мен ересектер қолданыстағы барлық нұсқаулықпен таныс болуы керек. Қауіпсіздік техникасы – еңбекті қорғаудың бір түрі. Мектептегі әрбір ұстаз бен қызметкердің, оқушылардың қауіпсіздігін сақ­тау және қауіпсіздік шараларын түсіндіру жұмыстарын жүргі­зу алғашқы орында.

Ауданымыздағы Бесарық ауылындағы №147 орта мектебін­де бірнеше жылдардан бері директордың шаруашылық жөнін­дегі орынбасары болып жұмыс істеп келемін. Жұмыс барысында әр маманның, оқушының еңбек қауіпсіздігін сақтауына мән беріліп отырылады. Мектептің әр мүшесінің амандығы үлкен жауапкершілікті талап етеді. Мектебімізде еңбек қауіпсіздігі толық сақталған. Осыған сәйкес, әр ай сайын мектептің ішкі ережелерін түсіндіріп, сауалнамалар таратылады. Өрт пен жа­рылыстың алдын алу бойынша жұмыстары профилактикалық шаралар мен өрт сөндіруді ұйымдастыру арқылы жүргізіледі.

Қауіпсіздік техникасы – еңбекті қорғаудың бір түрі; жұмыс атқарушыларға қауіпті өндірістік факторлардың әсер етуіне жол бермейтін ұйымдастырушылық және техникалық шаралар мен құралдардың жүйесі; еңбекті қорғау қағидаларының кұрамдас бөлігі. Сондықтан әрқашан еңбек қауіпсіздігін сақтап, аман жүрейік!

Самат АКПАМБЕТОВ,
№147 орта мектебі директорының
шаруашылық жөніндегі орынбасары
Бесарық ауылы
21 ақпан 2023 ж. 267 0