Қызылордада «Relax party» шарасы өтті
Жастар орталығы шығармашыл, белсенді жастарға жан-жақты қолдау білдіретін орта. Жастардың уақытын тиімді өткізу, сергіту әрі ынталандыру мақсатында апта сайын тұрақты түрде «Relax Party» шарасы өткізіледі, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.
Кеше ерекше форматта өткен «Relax Party» шарасын орталық директоры Талғат Оспанұлы ашып, барша жастарды тұрақты даму мен қоғамдық іске белсене қатысуға шақырды.
Қызылорда облысының волонтерлер фронт офисінің жетекшісі Болатбек Серікбайұлы және жас ақын Ақжол Түменбай көңілді кешке арнайы қонақ ретінде қатысып, жастарға ізгі тілектерін жеткізді.
Шара барысында жастар ресурстық орталығы тарапынан ұйымдастырылатын шараларға қолдау білдіріп жүрген Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті мен "Болашақ" жоғары колледжі арнайы алғыс хатпен марапатталды. Сонымен бірге, мәдени-көпшілік шараларға, спорттық сайыстарға қатысып, белсенділік танытқан бірқатар жастар марапатталды.
Шара соңы талантты жастардың жанды дауыста ән кешіне ұласты.