Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№45 газет

16 маусым 2026 ж.

№44 газет

13 маусым 2026 ж.

№43 газет

09 маусым 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Мемлекеттік қызметкердің әдеп сақтауы басты құндылық

Мемлекеттік қызметкердің әдеп сақтауы басты құндылық

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Мейрамкүл Бейбітова және «Қызылорда облысының әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің Әдеп жөніндегі уәкілі Мақсат Шәкірбаев Сырдария ауданының мемлекеттік қызметшілерімен кездесу өткізді.

Кездесуге аудандық мәслихаттың мемлекеттік қызметшілері, аудан әкімі аппаратының қызметкерлері, аудандық дербес бөлім басшылары, Тереңөзек кенті және ауылдық округтер әкімдері сонымен қатар бөлімдердің, кент және ауылдық округі әкімі аппараттарының мемлекеттік қызметшілері қатысты.

Кездесу барысында мемлекеттік қызметшілерге ҚР Заңдары мен ҚР мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, өзгерістер мен толықтырулар талқыланды.


16 ақпан 2023 ж. 309 0