Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 23 газет

23 наурыз 2026 ж.

№ 20 газет

17 наурыз 2026 ж.

№ 19 газет

14 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ұшақпен тегін саяхаттайтын балалардың саны артады

Ұшақпен тегін саяхаттайтын балалардың саны артады

Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов Бурабай курорттық аймағында өткен 2022 жылғы қызмет қорытындылары шығарып, 2023 жылға арналған міндеттері айқындалған отырыста айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.


Осы жылы Kids go free бағдарламасы шеңберінде Қазақстан бойынша тегін әуе сапарын пайдалана алатын балалар саны 2 мыңға дейін артады. 2022 жылы 1500 бала ұшақпен тегін ұшу мүмкіндігіне ие болды.
Бұл – отбасылық демалыс үшін қосымша мүмкіндіктер. Сонымен қатар, Kids go free бағдарламасы туроператорлар үшін қолжетімді болды. Балалар авиабилетін сатып алуды растау тізбесі кеңейтіліп, өтінімдер мен төлемдерді қарау мерзімі қысқартылды, - деді Асхат Оралов.
Мәдениет және спорт министрлігінің басшысы мүлдем жаңа құрал – туристік кешбэк енгізуді ұсынды. Бағдарлама жолдамалар ресми туристік агенттіктерден сатып алынған жағдайда азаматтарға тур құнының 20%-на дейін қайтаруға мүмкіндік береді. Демалушылармен қатар жергілікті туристік компаниялар да артықшылықтарға ие болады. Мысалы, жаңа бағыттарға (Абай, Ұлытау облыстары) шығындар сомасының 20% қайтарылатын болса, Алматы, Бурабай сияқты танымал және сүйікті бағыттарға кешбэк 10% болады.
28 қаңтар 2023 ж. 253 0