Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада бизнеске жер учаскелерін бөлу саласындағы мәселелерге қатысты сыртқы талдау жүргізіледі

Қызылордада бизнеске жер учаскелерін бөлу саласындағы мәселелерге қатысты сыртқы талдау жүргізіледі

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті бизнеске жер учаскелерін бөлу мен олардың қолжетімділігі, сондай-ақ бизнес объектілеріне инфрақұрылымды жеткізу мәселелеріне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізеді.

Талдау барысында Департаментпен аталған саладағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың себептері мен шарттары, шаруа қожалығы, ауылшаруашылығы өндірісі үшін, сауда-саттық, аукцион бойынша жер құқығын беру  және басқа да сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жоғары бағыттар зерделенеді.

Талдау ағымдағы жылдың қаңтар-ақпан айларында жүргізіледі.

Осыған орай, аталған салаға қатысты сыбайлас жемқорлық фактілері, басқа да құқық бұзушылықтар туралы нақты ақпараттарыңыз, арыз-шағымдар мен ұсыныстарыңыз болса, Қызылорда қаласы, 156А ғимаратта орналасқан «Antikor» орталығына келуге,  taldau-kzo-2022@mail.ru электрондық поштасына және  WhatsApp +7 707 282 21 51, +7 701 869 99 94 жолдауға, сонымен қатар Департаменттің кезекші бөлімінің 23-06-90 нөмірі арқылы хабарласуға болатындығы жеткізіледі.

Құрметті кәсіпкерлер сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтауға белсенділік көрсетіп, өз үлестеріңізді қосуға шақырамыз.
19 қаңтар 2023 ж. 248 0