Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 66 газет

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 газет

29 тамыз 2026 ж.

№64 газет

25 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Саяси науқанға белсенді қатысқан азаматтар марапатталды

Саяси науқанға белсенді қатысқан азаматтар марапатталды

Аудандық мекемелер үйінде аудан әкімінің орынбасары Б.Сәрменбаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлау науқанында белсенділік танытқан бірқатар азаматтар марапатталды.

Бүгінгі жиында сайлау жұмыстарының сапалы ұйымдастырылуына айрықша үлес қосқан бірқатар азаматтар марапатталатын болады. Бұл марапат Сіздердің еңбектеріңізге берілген баға деп санаймын. Алдағы уақытта да аудан абыройы үшін жемісті жұмыс жасайтындарыңызға сенім білдіремін,- деді аудан әкімінің орынбасары.

Саяси маңызды науқанда аудан абыройы үшін еңбек еткен бірқатар азаматтарға облыс әкімі Н.Нәлібаевтың, облыстық мәслихат хатшысы Н.Байқадамовтың, облыс әкімінің орынбасары Н.Сақтағановтың, облыс әкімі аппаратының басшысы Ш.Баймановтың, облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы М.Қазбекованың Алғыс хатын табыстады.
23 желтоқсан 2022 ж. 283 0