Әр адамның дауысы маңызды

Бүгінгі қоғамдағы аса маңызды мәселе – 20қарашада өтетін Президент сайлауы екені айдан анық. Жаңғыру мен жаңарудың айқын көрінісін сезіп келеміз. Қашанда ауызбіршілік танытатын аудан халқы сайлауға белсене қатысады деп сенемін.
Сыртқы саясатта беделі жоғары еліміздің сындарлы кезеңдерден сүрінбей өтіп келе жатқандығын көзіміз көріп жүр. Ынтымағы жарасқан, Тәуелсіз еліміздің ертеңгі болашағы жарқын болуы үшін әрбір азамат өзінің заңды құқығын пайдалануы керек. Сол кезді әділетті қоғам орнайды. Саяси науқанның еліміз үшін орны ерекше. Біз отбасымызбен сайлауға барамыз. Бұл ретте, жергілікті халықты белсенділік таңытып, сайлауда дауыс беруге шақырамын.
Жанар ЖҰМАБАЕВА ,
бас дәрігердің орынбасары