Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қан қысымын дәрісіз түсіретін көкөністер

Қан қысымын дәрісіз түсіретін көкөністер

Дәрігерлер жоғары қан қысымымен тек дәрінің көмегімен ғана емес, күнделікті әдеттерді өзгерту арқылы да күресуге болатынын айтады. Сонда өмір сүру сапасы жақсарады. Ол үшін күнделікті тағамдар қатарына белгілі бір өнімдерді қосу жеткілікті, деп жазады massaget.kz.

Нитраттардың күтпеген пайдасы

Диетолог  Т. Дж. Уотерфоллдың айтуынша, нитраттар мен нитриттерге бай өсімдік тағамдары қан тамырларының жұмысын жақсартады. Ағзадағы бұл қосылыстар азот оксидіне айналып қан тамырлар тонусын төмендетеді. Оның әсерінен тамырлар кеңейеді, қанмен қамтамасыз ету жақсарады және қысым бірте-бірте төмендейді.

«Өсімдік өнімдерінің құрамындағы нитраттарды өңделген етке қосылатын нитраттармен шатастырмау керек. Олар ет дәмін жақсартып, ұзақ уақыт жарамдылығын сақтайды. Етте нитраттар канцерогенге айналады», - дейді маман.

Нитраттар – өсімдік ұлпаларына агрохимиялық тыңайтқыштар енгізілмеген жағдайда да топырақтан табиғи жолмен түсетін азотты қосылыстар.

Тамыр дақылдарында нитраттардың ең жоғары концентрациясы мына көкөністерде кездеседі:

• қызылша;

• балдыркөк;

• аскөк;

• пияз;

• ақжелкен;

• Қытай қырыққабаты;

• орамжапырақ.

Қызылша шырыны

2015 жылы Hypertension журналында жарияланған зерттеу қызылша шырынын күнделікті тұтыну (дозада нитрат мөлшері 6,4 ммоль болатын күніне 250 мл шырын) қан қысымын қалыпқа келтіретінін анықтады. Зерттелетіндер екі топқа бөлінді: бір топқа су, екіншісіне қызылша шырыны берілген.

Төрт аптадан кейін зерттеушілер плацебо тобымен салыстырғанда емдеу тобындағы эндотелий функциясының жақсарғанын және қан қысымының төмендеуін байқаған. Зерттеуге сәйкес, қызылша қан қысымын стандартты дозада антигипертензивті препаратты қабылдағаннан кейін қол жеткізілген деңгейге дейін төмендеткен.

Қан қысымын төмендетуге көмектесетін басқа өнімдердің арасында диетолог калийге бай өнімдерді атады. Бұл қан тамырларының кернеуін жеңілдетеді. Калийдің көп мөлшері бұршақ дақылдарында, жемістерде, әсіресе банандарда, көкөністерде кездеседі.

Сонымен қатар, маман магнийге бай тағамдарды көбірек жеуге кеңес берді, бұл жүрек жұмысын сақтауға таптырмайтын өнім.
03 қараша 2022 ж. 211 0