Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Кітап оқу – заман көшіне ілесудің жарқын үлгісі

Кітап оқу – заман көшіне ілесудің жарқын үлгісі

«Жақсы кітап – ақылды адамның әңгі­месімен бірдей» екені мәлім. Күн санап көпшілік ара­сында кітап оқуға деген қызығушылық артып келеді. Оқырманға ерекше толғаныс пен тебі­реніс сыйлайтын кітап мазмұны әлі күнге дейін өміршеңдігінен айныған емес.

Шығарманың шынайылығы мен керемет әсерге бөлеуі – автордың шеберлігіне байланысты. Бүгінде оқырманның өзіндік талғамына байланысты әлемдік деңгейдегі құнды жауһарлар қазақ тілінде жарыққа шығуда. Қазақ баласының шетел әдебиетімен сусындауына зор мүмкіндік қарастырылып-ақ жатыр. Еліміз­ге белгілі барлық қаламгер, ақын-жазушылардың шы­ғармасымен қатар, әлемдік дәре­жедегі сан са­лаға арналған кітаптар бүгінде ана тілімізде қолжетімді.

Негізінен, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы шең­берінде осыдан 5 жыл бұрын «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасын іске асыру мақсатында коммерциялық емес «Ұлттық аударма бюросы» құрылған болатын. Осы уақытқа дейін «Ұлттық аударма бюросы» айтулы жоба шең­берінде тарих, фолософия, социология, психология, антропология, мәдениеттану, дінтану, лингвистика, медиа, экономика, менеджмент, кинотану, кәсіпкерлік, театртану саласы бойынша үздік оқулықты қазақ тіліне аударған. Әлемнің бірқатар үздік университетінің оқу базасында білім алушыға ұсынылатын кітаптар жиынтығы жұртшылықтың көңілінен шығуда. Өркениет көшіне ілескен ұл­тымыздың білім мен ғылым саласы тың туындымен толыққанына қуаныштымыз.

Мәселен, Париж университетінің профессоры Реми Хесстің «Фило­софияның таңдаулы 25 кітабы» ең­­бегі оқырманға батыс елдері ой­­шыл­дарының шығармасымен та­ныс­­тырады. Осындай әрбір сала­ның үздігі өз оқырманын ерекше елі­тіп әкетуге тырысады.

Бүгінде жұртшылық арасында қы­зу талқыға түсетін эстетика, этика, демография, бизнес, адамның мінез-құлқы сияқты бірнеше тақырып назардан тыс қалмауда. Қазірдің өзінде бизнесті дамыту, адамның өзін жетілдіру тақырыптарындағы кітаптар зор сұранысқа ие. Бұл кітаптардың негізі де сол шетелдік әдебиеттерден алынып, ауларылуда. Міне, осындай қажетті кітаптардың қолжетімді болуының артында бір топ аудармашы, тіл мамандарының еселі еңбегі тұрғаны жасырын емес.

Асылында, ғы­лы­ми кез келген еңбектің өзіндік тұ­­жырым­да­ма­сы оқырманның жеңіл оқуына лайық­тан­дырылады. Осы тұста, шетел әдебиеті жайында мә­селе қозғалғанда әр халықтың тіл бай­лығы, мәдениеті, тұрмысы, жазу­шы­ның шеберлігі ке­ңінен көтеріледі. Өмірдің боямасыз көрінісін суреттеген ақын-жазушы өз ұлтының ерекшелігін шығармасына арқау етеді. Мейлі, лирика, комедия, трагедия, детектив секілді бір­неше жанрда қалам тербесе де, ав­тордың өзіне тән қолтаңбасы елі­нің барлық құндылығын айшықтап тұрады.

Айта кетейік, «Kitap.kz» онлайн кітапханасында 6 мыңға жуық кітап­­тың басым көпшілігінде әлем әде­биетіне көңіл бөлінген. Онлайн платформада ТМД, Батыс мен Шығыс Еуропа, Азия елдерінің ақын-жазу­шыларының кітабын оқуға болады. Сонымен бірге «Әдебиет» порталында шетел әдебиетінің баға жетпес туындылары оқырман олжасына айналған.

Жалпы, «Әдебиет» порталына «Бе­сеудің ойы» тақырыбында жа­рия­­ланған мақалада шетелдегі қа­зақ әдебиеті жөнінде сала маман­дары тереңнен ой қозғайды. Қазақ қоғамында шетел әдебиетіне қызығу­шылық қандай болса, өзге мемлекетте де, ақын-жазушылары­мыздың мол мұрасы жан-жақты насихатталуда.

Осы тұста, кітап оқудың таңға­жайып пайдасын атап өткен жөн. Алдымен кітапты баяу оқығанға қарағанда жылдам оқу барысында адамның көз аз шаршайды. Сонымен бірге 1 сағат кітап оқитын болсақ, көзіміз 57 минут бойы мәтінге қа­райды. Яғни, бір ғана бағытқа қарау арқылы демалады десек те болады. Оқу барысында көз миға түрлі әріптер арқылы суреттер жібереді. Ал ми ол суреттерді өзара біріктіреді.Қалыпты оқу барысында ақпараттың 60%-ы қабылданады, ал жылдам оқу барысында ақпараттың 80%-ы қабылданады екен. Одан бөлек, кітапты жақсы оқитын адам бір уақытта 4 бағдарламаны қатар тамашалай алады. Орташа есеппен адамдар кітаптың бір жолын оқыған кезде 12-16 рет тоқтайды. Ал жылдам оқу техникасын меңгерген жандар 2-4 рет қана аялдайды. Кітапты көп оқитын адамға калориялы тағамдар қажет емес. Және олар көп жағдайда артық салмақ жинамайды.

Мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаев бір сөзінде: «Адамды адам еткен – кітап, адамзат еткен – кітапхана» деген болатын. Ақы­лына ақыл сұрамайтын кітапты оқу – пайым-парасаттылықтың бел­гісі. Сондықтан қазақ және шетел әде­биетін оқып, өзгеше ой түйіп, за­ман көшінен қалмауға тырысқан дұрыс.

Балтабай ОРДАБЕКОВ
01 қараша 2022 ж. 447 0