Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда зейнетақы төлемдері өседі

Қазақстанда зейнетақы төлемдері өседі

ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында зейнетақы жүйесінің тиімділігін арттыру бойынша жаңа шаралар топтамасы ұсынылды.

Әйелдер зейнетке 61 жастан шығады.  2023 жылдан бастап әйелдердің зейнеткерлік жасын жоспар бойынша арттыруды 61 жас деңгейінде 5 жылға дейін тоқтата тұру.Бұл шара короновирус пандемиясының азаматтардың денсаулығы мен өмір сүру ұзақтығына теріс әсер еткенін ескере отырып қабылданды.Сондықтан алдағы 5 жыл ішінде денсаулық сақтау жүйесін жақсарту жөнінде шаралар қабылданатын болады.

2023 жылғы қаңтардан бастап 2027 жылға дейін ең төменгі базалық зейнетақы мөлшерін ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54%-ынан 70%-ына дейін, ең жоғарғысын – тиісінше 100%-дан 120%-ға дейін кезең-кезеңімен жеткізу.Осы кезеңде базалық зейнетақы мөлшері орта есеппен 5%-ға дейін артатын болады. Бұл ретте, базалық зейнетақының орташа мөлшерінің жыл сайынғы өсуі шамамен 13%-ды құрап, барлық 2млн. зейнеткерді қамтиды.

Ұсынылып отырған шаралар 2025 жылға қарай жиынтық зейнетақыны орта есеппен 27%-ға өсіруге (3 жыл ішінде – 109 мыңнан 138 мың теңгеге дейін) және жиынтық зейнетақыдағы мемлекеттік төлемдердің үлес салмағын арттыруға мүмкіндік береді.

Ең негізгілерінің бірі – бала күтімі бойынша жәрдемақы төлеу мерзімін бір жылдан бір жарым жасқа дейін ұлғайту. Аталған норма жұмыс істейтін және жұмыс істемейтін ата-аналарға да қолданылады. Бүгінде Қазақстанда жүргізіліп келе жатқан бастамалардың бірі мемлекеттік қызметтердің 80%-дан астамы – электрондық қызметтер.

Яғни, біз қызметтерді проактивті форматқа көшіруге мүмкіндік беретін автоматтандырудың осындай деңгейіне қол жеткіздік. Адамдарға ешқайда барудың қажеті жоқ, келген хабарламаға жауап беру арқылы мемлекеттік қызметтерді ала алады. Проактивті қызмет ұялы байланыс нөмірін мобильді азаматтар базасында тіркелген адам ғана көрсетілетінін ескертеміз. Қазіргі кезде мемлекеттік жәрдемақыларды рәсімдеу «e-gov» электронды үкімет порталы, банктік қосымшалар немесе ұялы байланыс операторлары арқылы SMS- хабарламалары бойынша өтінім беру тәсілі жақсы жолға қйылған.

С.Б.Еламанов,
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпарациясы КеАҚ Қызылорда бойынша филиалы әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі Сырдария аудандық бөлімінің басшысы
22 қыркүйек 2022 ж. 189 0