МӘМС жүйесінде сақтандыру мәртебесін қалай алуға болады
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі «Сақтандырылған» мәртебесі тұрақты болуы тиіс. Ол үшін ай сайынғы жарналар мен аударымдар жасалуы керек. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Бақыт Исмаханбетовтің түсіндіруінде қандай маңызды ерекшеліктерге назар аудару керек.
Сақтандыру мәртебесінсіз сіз жоспарлы медициналық көмек ала алмайсыз, тар бейінді маманның қабылдауында бола алмайсыз немесе тексеруден өте алмайсыз.
Медициналық сақтандыру жүйесіндегі өз мәртебеңізді бірнеше тәсілмен тексеруге болады: fms.kz. сайтында, Qoldau-24/7 мобильді қосымшасы арқылы немесе eGov.kz жеке кабинетте ЖСН нөмірі бойынша.
МӘМС төлемдері бойынша 12 айға толық үзінді көшірмені Телеграмдағы Saqtandyrubot арқылы алуға болады. «Сақтандырылу мәртебесін анықтау» тармағын таңдап, ЖСН енгізу қажет.
МӘМС-ға төлем жасағаннан кейін мәртебе бірден өзгермейді, бірақ 3 жұмыс күні ішінде өзгереді. Медициналық ұйымға барар алдында міндетті түрде мәртебені қайта тексеру қажет.
Сақтандыру мәртебесін алу үшін соңғы 12 ай бойы төлемдерді жүйелі түрде жүргізу қажет.
Басқа тәсілі. Жаңа ережелерге сәйкес, алдағы 12 ай үшін төлем жасаңыз. Мысалы, 2022 жылдың қыркүйегінде адам 2022 жылдың қазанынан бастап 2023 жылдың қыркүйегіне дейін бір жыл бұрын төлейді (12 төлем). Ол сақтандырылу мәртебесін ағымдағы жылдың қазан айында ғана алады. Егер оған осы жылдың қыркүйек айында мәртебе қажет болса, онда ол үшін МӘМС жарнасын төлеу қажет. Жалпы алғанда 13 төлем алынады.
Егер кем дегенде бір айды өткізіп алса, мәртебе берілмейді. Тек өзін-өзі жұмыспен қамтыған БЖТ төлеушілер ғана ерекшелік болып табылады.
Бірыңғай жиынтық төлемді қатарынан 3 ай бойы төлеген кезде тұрақты мәртебе үшінші айға беріледі және одан әрі тұрақты төлемдер болған жағдайда сақталады.
Кейбір қазақстандықтарда сақтандырылудың жеңілдікті мәртебесін алу мүмкіндігі бар. Егер сіз жеңілдікті 15 санаттың қатарына кірсеңіз, онда МӘМС-ға мемлекет аударымдар жасайды. Бұл туралы толығырақ ақпаратты мұнда.
Жеңілдік санаттарының бірі – жүкті әйелдер. Жүктілік бойынша мәртебесі болмаған жағдайда оларды жергілікті дәрігер есепке қояды.
Егер сіз БЖТ төлеуді тоқтатсаңыз немесе жеңілдікті санаттар тізімінен шықсаңыз, МӘМС жарналарын өз бетіңізше аударуды жалғастыра аласыз. Бірақ мәртебе алу үшін үзінді көшірмені тексеріп, бұрын өткізіп алған барлық айлар үшін ақы төлеуіңіз керек.