Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » МӘМС жүйесінде қалай уақытша сақтандыруға болады?

МӘМС жүйесінде қалай уақытша сақтандыруға болады?

Халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтары мемлекеттен медициналық сақтандыру жарналарының арқасында МӘМС шеңберінде медициналық көмек ала алады. Уақытша сақтандырылу мәртебесін (жеке тұлғалар санаттары бойынша сақтандырылмағандығы анықталған жағдайда) Qoldau 24/7 қосымшасының көмегімен үйден шықпай-ақ алуға болады.

Сіздердің назарларыңызға Qoldau - 24/7 қосымшасының көмегімен сақтандырылудың уақытша мәртебесін қалай алуға болатыны туралы толық нұсқаулықты ұсынамыз.

Ұялы телефонда Qoldau - 24/7 мобильді қосымшасын AppStore-дан немесе Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының ресми сайтында https://fms.kz/kz/kontaktnaya-informatsia/mobilnoe-prilozhenie/ сілтеме бойынша жүктеп алыңыз;

Жүйеде тіркеліңіз: электрондық мекенжайды, тегін, атын және байланыс телефонын енгізіңіз;

Тіркелгеннен және кіргеннен кейін төменгі оң жақ бұрыштағы «бізге жазыңыз» түймесін пайдаланыңыз;

«Өтінішті құру» нысанында «консультация» санатын таңдаңыз;

Әрі қарай, тұратын аймақты таңдаңыз;

«Өтініш мәтіні» жолында міндетті түрде жеңілдік санатын және өз ЖСН көрсетіңіз;

Сканерленген құжатты немесе растайтын құжаттың суретін тіркеңіз. «Файлды тіркеу» түймесін басып, галереядан құжатты таңдаңыз немесе суретке түсіріңіз;

«Өтінішті жіберу» батырмасын басыңыз;

Сәтті толтырылған жағдайда «Өтініш сәтті жасалды! Терезені жабу үшін» батырмасы шығады. Барлық талаптарға сәйкес болған жағдайда МӘМС жүйесіндегі Сіздің мәртебеңіз 40-50 минут ішінде жаңартылады.

Сондай-ақ, Qoldau-24/7 қосымшасында сіз кеңес ала аласыз, шағым жолдай аласыз, алғыс білдіре аласыз, өз ұсыныстарыңызды білдіре аласыз, сақтандыру мәртебесін тексере аласыз, МӘМС жүйесінде сақтанушының уақытша мәртебесін ала аласыз.




«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалдың халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау жөніндегі бөлімі

27 маусым 2022 ж. 266 0