Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Тың жобаның игілігін саралады

Тың жобаның игілігін саралады

Ақпараттық марафон барысында аманаттықтар Жалағаш ауданына қарасты Таң, Аққұм ауылдарында кездесулер өткізді.

Жалағашта өткен жиында «Ауыл аманаты» жобасының негізгі міндеттерінің бірі – орау, температуралық сақтау сияқты қажетті пункттерді енгізе отырып, «егістіктен сөреге дейін» қағидаты бойынша өткізу тізбектерінің жаппай желісін қалыптастыру туралы сарапшы Ақынбекова Айман Тұрғанғазықызы кеңінен атап өтіп, аулаларға іргелес жатқан жерді тиімді пайдалану, үй аулаларында мал және құс шаруашылығын дамыту, жем-шөп дайындау және жайылымдарды ұйымдастыру проблемасын шешу, жеке қосалқы шаруашылықтарға жәрдемдесу үшін кооперативтер құрып, ауылдағы шағын жобаларды қаржыландыру мәселесіне де тоқталып өтті.

«2019 жылдан бері мал шаруашылығымен айналысамын. Жылда үкіметтен тиісті субсидия алып отырмын. Май, құрт, сүт сатып, кәсіп етудемін. Енді осы жоба бойынша несие алып кәсібімді дамытуға жұмыс жасаймын» - деді Ақсу ауылының турғыны Зейнегүл Тоқтыбаева.

Аққұм ауылында ұйымдастырылған кездесуге Жалағаш ауданына қатысты ауылдық округтердің әкімдері мен тұрғындары келіп, өз сауалдарына нақты жауаптар алды.

Ақпараттық жұмыстар енді Сырдария ауданында жалғасатын болады.



Расул Есенов,
облыстық мәслихат депутаты,
«AMANAT» партиясының мүшесі

10 тамыз 2022 ж. 160 0