Тасымал қызметінің ардагері
Тереңөзектік Аябек (Айбек) Наурызбаев – 40 жыл бойы «Тұлпар» АҚ-да инженер-механик болып жұмыс істеген тәжірибелі маман. 20 жастан қызметке араласқан азамат алғашқы еңбек жолын өз мамандығы бойынша іргелі ұжымда бастап, сонда ұзақ жыл еңбек етті.
«Ер есімі – ел ісінде» демекші, Айбек ағаның әкесі Бапабек Сақыбеков Ұлы Отан соғысы жылдарында қазақтан шыққан тұңғыш кинооператоры болған. Тарихи сәттерді кинолентаға түсірген соғыс ардагері кейін Қараөзек станциясына қарасты аудандық Тұтынушылар одағының бастығы, қойма меңгерушісі болып, 61 жыл өмір сүрген. Анасы Нағима Сақыбекова – 7 перзентті дүниеге әкелген алтын құрсақты ана. Асыл ана сексен жасында дүниеден өткен. Отбасындағы 4 ұл мен 3 қыздың екіншісі болып ер жеткен Айбек ағасы Асылбек пен әпкесі Шырынкүлдің ізінен ерсе, екі інісі мен екі қарындасына ағалық қамқорлығын аямаған.
– «Тұлпар» акционерлік қоғамында өткен ғасырдың 80-90 жылдары күніне 200 автокөлік, оның 40-ы тіркемесімен, 20 автобус күнделікті рейске шықты. Жүк көліктері ауыл шаруашылығы жұмыстарына жіберілсе, автобустар ауданға қарасты совхоздарға, қалаға рейске кетеді. Мекеменің инженер-механигі ретінде осы көліктердің техникалық жағдайын тексеру, ешқандай ақаудың болмауын қадағалау міндетін атқардым. Медбике Күнсұлу Сәрсенбаева көлік жүргізушілердің денсаулығын қадағалап жұмысқа қосылуға рұқсатын беретін. Мұнан басқа мекемеде көп жыл қатар қызмет атқарған кадр бөлімінің басшысы Әбіш Талпақов, диспетчер Шарафаддин Камалов, мекеме басшысы Әнуар Серікбаев саланың жұмысын ілгері жылжытқан өз ісінің майталмандары. Таңертеңнен басталатын қарбалас тіршілік кешқұрым аяқталады. Осындай қызу еңбектің арасында ысылып жұмыс істедім, кейін жекешелендіру жүргізілгенде мекеме тарады. Аудандағы автостанция соңғы жылдары біраз уақыт жұмыс істеді. Осында жол қауіпсіздігінің инженер-механигі қызметін атқардым. Газель автокөліктері Қызылорда қаласына жолаушыларды тасымалдады. Уақыт өте келе бұл жұмыстың ізі де суыды. Газель жүргізушілері жекеге шықты. Газельмен жолаушы тасымалдау тиімсіз болды. Қазір такси қызметі сұранысқа ие. Дегенмен жеке такси қызметін ұсынатын жүргізушілердің арасында тәжірибесі аз жастар көп болуы қынжылтады. Олардың мезгілсіз уақытта келіп, кезекке тұруы, демалмастан, ұйқылы ояу жүріп көлік жүргізетіні алаңдатады. Осылайша жолаушының өміріне қауіп төнуде. Медициналық тексеруді айтпағанда, ешқандай қадағалау жоқ. Көлік тізгініне отырған жүргізушілер табысты ғана ойламай, бірінші кезекке адам өмірін қоюы керек, – дейді тәжірибелі маман Айбек Бапабекұлы.

Бүгінде қоғамның өзекті мәселелерінің бірін қозғаған маман орынды пікір білдірді. Ойланатын жағдай. Қазір Айбек Бапабекұлы тарап кеткен мекеме ардагерлерінің басын біріктіруді қолға алып, бастауыш ардагерлер ұйымына жетекшілік етуде. Іздеушісі жоқ болған сала ардагерлерін, нақтырақ айтқанда 28 мүшесі бар ұйымның жұмысын белгілі бағытқа арнау жоспарлануда. Ол үшін аудан басшысы қолдау білдіріп, «Достық» үйінен арнайы кабинет те берді. Жақында жүргізушілердің кәсіби мерекесі қарсаңында аудан әкімінің қабылдауында болған бір топ сала ардагерлері арасынан Айбек Бапабекұлы облыс әкімінің Алғысымен марапатталды. Бұл ұзақ жылғы қызметтің жемісі мен алдағы уақытта атқарылатын жұмысқа берілген сенім болса керек.
Бүгінде пайғамбар жасына келіп, бейнетінің зейнетін көріп отырған ел ағасы Айбек Бапабекұлы отбасында зайыбы Алтынай апамен 1 ұл мен 3 қызды тәрбиелеп өсірді. Олардан 9 немере сүйіп отырған бақытты ата-әже. Әке ізбасары Қуаныш жеке кәсіппен айналысса, Жадыра анасының жолымен банк саласында қызмет етеді. Фарида – ұлағатты ұстаз, Жансая – мұнай саласының маманы.
– 40 жыл жұмыс істеп, зейнетке шықтым. Қазір қоғамдық жұмысқа араласып жүрмін. «Басты байлық – адамның өмірі» дегендей, адам өміріне жүргізушіден қауіп келмеуі керек. Жолаушыларды діттеген жеріне аман-есен жеткізу жүргізушіге байланысты. Соңғы кезде жол-көлік оқиғалары көп орын алуы – жүргізушілердің тәжірибесіздігінен. Жүргізуші куәлігін ала сала жолаушы тасумен айналысады. Бұрын жолаушы тасымалы кем дегенде 3 жыл тәжірибесі бар жүргізушілерге сеніп тапсырылатын. Талап солай болды. Сондықтан «Тәртіпке бас иген құл болмайды» демекші жүргізушілер арасында тәртіп болуы керек. Оларды қадағалайтын мекеменің болғаны дұрыс, – дейді Айбек Наурызбаев.
Көлік қызметі саласының ардагері ауданның тыныс-тіршілігіне, жалпы елдің ахуалына бей-жай қарамайды. Күнделікті жаңалықтарға, жақсы іске ұйытқы болумен қатар, ауданның көркеюі, көгалдануы мен абаттануына барлық тұрғын атсалысуы тиіс деп пікір білдірді. Еңбекпен есейген азаматтың ұстанымына біз де қолдау білдіреміз.
Бибісара ЖАНӘЛІ