Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Үкімет басшысы Ауыл шаруашылығы министрлігін сынға алды

Үкімет басшысы Ауыл шаруашылығы министрлігін сынға алды

Қазақстан Премьер-Министрі Әлихан Смайылов бейнеконференция байланысы режимінде отандық кәсіпкерлер кеңесінің кезекті отырысын өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Үкімет басшысының сайтында атап өтілгендей, Ауыл шаруашылығын реттеу мәселелерін талқылау аясында Премьер-Министр бейінді министрлік тарапынан жіберілген кемшіліктерге назар аударды.

«Ауыл шаруашылығы министрлігі не істеп жатқанын дұрыс түсіндірмейді, сондықтан кәсіпкерлер не болып жатқандығы туралы бұрмаланған түсінік қалыптастырады. Бізде бидайды шығаруға тыйым салу туралы шешім болған жоқ! Біз квота түрінде шектеулер енгіздік, бірақ біз оны әдетте экспорттаған көлемнен жоғары қойдық», деді Әлихан Смайылов.

Үкімет басшысының айтуынша, егер Қазақстан айына шамамен 350 мың тонна астық экспорттайтын болса, онда квота осы жылдың қыркүйек айының соңына дейін қолданыстағы экспорттық шарттарды шектемей, бірақ азық-түліктік астықты бақылаусыз жаппай әкетуден алдын ала қорғауды қамтамасыз ету үшін айына 500 мың тоннадан жоғары деңгейде белгіленеді.

Сондай-ақ отырыста агроөнеркәсіптік кешенді, металлургияны, көлік саласын, энергетиканы, салықтық әкімшілендіруді дамыту және басқа да мәселелер қаралды.
05 тамыз 2022 ж. 227 0