Гематоген жеудің қажеті бар ма?
Темір жетіспеушілік — көптеген адам шалдығатын проблема. Темір жетіспесе, күндізгі ұйқышылдық, есте сақтау мен зейін қою проблемалары пайда болады және тері, тырнақ, шаш сапасы нашарлайды. Кеңес жылдары бұл проблемамен күресуге дәріханаларда сатылатын тәтті — гематоген көмектесті. Гематоген қалай пайда болды және оны қазір жеудің қажеті бар ма?
Гематоген қалай пайда болды?
Бізге гематоген кеңестік өнертабыс секілді көрінгенімен, оны швейцариялық дәрігер Адольф Гоммель ойлап тапты. Ол 1890 жылы бұқаның қаны мен жұмыртқа ақуызынан пайдалы дәрі ойлап табады. Сұйық микстураның міндеті заманауи гематогендікі секілді қандағы темір деңгейін арттыру болды.
Адольф Гоммель ұзақ уақыт гематогеннің дәмін нәзік ету үшін оның құрамымен тәжірибе жасайды. Ол микстураға бал, шарап, какао, сірне, және қант қосады. Бірнеше жылдан соң Адольф Гоммельдің гематогенінің пайдасы жайлы тек Швейцарияда емес, басқа да елдерде айтыла бастайды. Бірақ өндірушілер мен тасымалдаушылардың алдынан ойламаған проблема туындайды: ол кезде ингредиенттерді консервілей алмайтын, сондықтан микстура ұзақ тасымалдау кезінде бұзылып кететін болды.
XX ғасырдың басында ғана петербургтік дәрігер Ошер Вайншенкер бұқа қанын кептіруді ойлап тапты.
Гематогеннің падасы жайлы екінші рет Кеңес одағы жылдарында айтылды. Бұл кезде сұйық мекстурамен қатар оның плитка түрлері пайда болды. Гематогенмен балалар үйінің тәрбиеленушілерін, жараланғандарды және аштықтан қиналған әскерлерді емдеді. Бірақ гематогенді әлсіреген ағзаны ақуызбен және темірмен толықтыру үшін ғана емес, тәтті ретінде де қолданды. Кей отбасыларда оны кәмпиттің орнына жеуге шаймен ұсынған.
Гематогенді бастапқыда ағза қажетті протеин, майлар, көмірсулар және минералдарды алу үшін қолданды. Сол үшін де ол балаларға арналған пайдалы тәтті саналды. Бірақ ол ересектерге де пайдалы.
Гематоген иммунитетті қатайтады, ашуланшақтықпен және созылмалы шаршаңқылықпен күресуге көмектеседі. Темірдің жетіспеуінен тек денсаулық емес, сыртқы келбет те қиналады: тері күңгірттенеді, тырнақ сынады, ал шаш құрғақ бола түседі. Гематоген батончигін жеу арқылы әйел қалыпқа келу процесін жылдамдата алады.
Қазір гематогеннің құрамына не кіреді?
Осы уақытқа дейін гематогеннің рецептурасы талай өзгерді. Бұрын гематоген 5% альбуминнен (қан ақуызы), 35% қойылтылған сүттен, 40% қанттан және 20% сірне және ванилиннен тұратын.
Ал қазір альбуминнің табиғи дәмін жасанды хош иістендіргіштермен, жаңғақтармен және кокос жоңғасымен жасырады. Түрлі қосымшалар темірдің ағзаға сіңуіне жағымсыз әсер етуі мүмкін екенін және өнімнің калориясын біраз арттыратынын түсіну маңызды.
Қазір гематоген өндірісімен фармацевтикалық компаниялар емес, кондитерлік фабрикалар жиі айналысады. Олардың өнімдерінің құрамында альбумин мүлдем болмауы да мүмкін. Сондықтан өнімнің құрамына аса мән беру керек. Пайдалы гематогенде қан ақуызының мөлшері 3%-дан аз болмауы керек.
Сондай-ақ гематогеннің қосымша қандай дәрумендермен байытылғанына мән беріңіз. Мысалы, гематогеннің кей түрлеріне йодты көп қосады. Оны егер қан анализі йод жетіспеушілігін анықтаған болса ғана алған жөн. Қаражидек сығындысы бар гематоген көз саулығын сақтауға көмектеседі. Құрамында С дәрумені мен фолий қышқылы бар түрі темірдің жақсырақ сіңуіне ықпал етеді.
Қарсы көрсетілім
Кей өндірушілер гематогенге жаңғақтар, бал, бояғыштар және басқа да аллергендер қосады. Егер аллергияға бейім болсаңыз, оны таңдарда осыған мән беріңіз. Жалпы гематоген — құрамында қанты көп өнім. Оны көп жеу артық салмақ қосуға және инсулиннің артып кетуіне әкелуі мүмкін. Сондай-ақ гематоген — пайдалы тіскебасар немесе тағамдық қосымша. Ол дәрілік препараттарды ауыстыра алмайды. Өзіңізден темір жетіспеушілігінің белгілерін байқаған болсаңыз, қан анализін тапсырып, міндетті түрде маманның кеңесін алыңыз.