Қыс мезгілінде дұрыс тамақтану жолы қандай?
Қылышын сүйретіп қаһарлы қыс келсе болды, бәріміздің иммунитетіміз әлсірей бастайды. Өйткені неше түрлі вирус пайда болады. Ал олардан құтылу үшін дұрыс тамақтану керек. Бүгін назарларыңызға қыстыгүні тұтынатын бір топ тағам ұсынамыз.
1. Ашытылған қырыққабат.
Бұл көкөніс В тобындағы дәрумендерге және С дәруменіне өте бай.
2. Балмұрын (шиповник).
Балмұрынның құрамында ғана дәрумендердің барлық түрі кездеседі. Сонымен қатар темір, калий, фосфор, магний, жез секілді пайдалы элементтер бар.
3. Тәтті тоңба (желе), тосап.
Бұлардың көмегімен ағзаңызды B, C, E, D, P, K дәрумендеріне байытасыз. Ол иммунитетті нығайтып, әртүрлі аурумен күресуге көмектеседі.
4. Цитрустік жемістер (лимон, апельсин және грейпфрут).
Цитрустік жемістердің құрамында аскорбин қышқылы өте көп. Сонымен бірге А, В, РР дәрумендері және магний, калий, темір, фосфор, кальций, натрий бар.
5. Болгар бұрышы.
Қан тамырларын қатайтып, ми қанайналымын қалыпқа келтіреді. Атеросклероз ауруының алдын алады.
Ғаламтор көзінен алынды