Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 70 газет

16 қыркүйек 2025 ж.

№ 69 газет

13 қыркүйек 2025 ж.

№ 68 газет

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Қазақстан павильоны Алтын белгімен марапатталды

Қазақстан павильоны Алтын белгімен марапатталды

Қазақстанның Мәскеудегі Халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінде орналасқан көрме-сауда орталығы Алтын белгімен марапатталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жүлде мәдени және ағартушылық бағдарламасы үшін, мәдени нысандарды қалпына келтіруге қосқан үлесі үшін берілді. Марапаттау рәсімі «Халықтар достығы» фестивалі аясында өтті. Келушілерге концерт, қойылымдар мен түрлі жәрмеңкелер ұйымдастырылған. Ал еліміздің павильонында қонақтар қазақ тілін үйрену сабақтарына,тоғызқұмалақ пен шахмат жарыстарына, түрлі шеберлік сыныптарына қатыса алады.

Игнат Жолобов, ХШЖК стратегиялық даму департаменті басшысының орынбасары:

– Қазақстан павильоны көрменің дамуына қосқан үлесі үшін марапатталды. Ол –осы көрмедегі негізгі павильондардың бірі. Жалпы Ресей күнінде бізге 250 мыңнан астам адам келді. Бұл рекордттық көрсеткіш және соның басым бөлігі Қазақстан павильонын тамашалауға келгендер.

Тамара Бабақова «Қазақстан» павильоны бас директорының орынбасары:

– Жұмыс күндері шамамен 3-4 мың қонақ келеді. Апта соңы бұл сан 6 мыңға дейін артады. Бүгін – Ұлттық қонақжайлылық пен халықтар достығы күні. Болжам бойынша 30-40 мыңдай адам келетін шығар.

10 шілде 2022 ж. 288 0