Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 31 газет

20 сәуір 2024 ж.

№ 30 газет

16 сәуір 2024 ж.

№ 29 газет

13 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Аймақ басшысы Құрбан айт мейрамымен құттықтады

Аймақ басшысы Құрбан айт мейрамымен құттықтады

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қызылордалықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.

Құрметті жерлестер! Қадірлі мұсылман қауым!

Сіздерді қасиетті Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл — барша мұсылман қауымын ізгі амал жасауға шақыратын ұлық мейрам. Қасиетті мереке тек құрбандық шалумен шектелмейді, ағайын арасындағы ауызбіршілікті сақтауға, қиналғанға қамқор, жоқ-жұқанға жәрдем жасайтын, мұқтажға мейірім төгетін жан жылуын білдіреді. Адамзат баласын имандылыққа ұйытып, жоққа сабыр, барға қанағат етуге үндейді. Осындай ортақ мүдде орайында жанашырлық сезімнің амалдары орындалады.

Ұлт болып ұйысқан тұтастығымыз нығайып, бірлігімізді бекемдеген мәртебелі мизан мейрамда шалған құрбандықтарыңыз бен ізгі ниеттеріңіз сауаптан жазылсын!

Жерлестеріміздің қасиетті күндердегі тілеген дұғалары қабыл болып, ырзық-несібе арта берсін!
Құрбан айт әрбір отбасына амандық, елімізге ынтымақ әкелсін!

Айт қабыл болсын!
09 шілде 2022 ж. 189 0