Ашхабадта Каспиймаңы мемлекеттері сыртқы істер министрлерінің кеңесі өтті
Алтыншы Каспий саммиті қарсаңында Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Каспиймаңы мемлекеттерінің Сыртқы істер министрлерінің кеңесіне қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Іс-шараға сондай-ақ сыртқысаяси ведомство басшылары – Ираннан Хосейн Амир Абдоллахиян, Ресейден – Сергей Лавров, Түрікменстаннан – Рашид Мередов және Әзербайжан СІМ басшысының орынбасары Халаф Халафов қатысты.
Каспий бестігінің министрлері Каспий теңізіндегі жағалаудағы мемлекеттер ынтымақтастығының бірқатар өзекті мәселелерін талқылады, сондай-ақ биылғы 29 маусымда Ашхабад қаласында Қазақстан, Әзербайжан, Иран, Ресей және Түрікменстан президенттерінің қатысуымен өтетін VI Каспий саммитінің коммюникесінің жобасын келісті.
Алдыңғы VI Каспий саммиті 2018 жылы Ақтау қаласында өтті. Оның қорытындысы бойынша Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы Конвенцияға қол қойылды.