Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№3 газет

14 қаңтар 2025 ж.

№ 2 газет

11 қаңтар 2025 ж.

№1 газет

07 қаңтар 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу шаралары басталды

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу шаралары басталды

7 сәуір 2022 жылы Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрілігі мен Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) (бұдан әрі - Агенттік) арасындағы өзара ынтымақтастық туралы Меморандумы жасалады.

Аталған Меморандум бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша бірлескен іс-шаралар жүргізу қаралған. 

Осы орайда Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаменті (әрі қарай - Департамент) мен Қызылорда облыстық Полиция департаментінің Көші-қон полициясы басқармасы (әрі қарай – Көші-қон басқармасы) бірлесіп, соңғының қызметінде ағымдағы жылдың маусым айының 13-нен шілде айының 08-не дейін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жұмыстарын жүргізу шаралары басталды.

Сыртқы талдаудың негізгі мақсаты - көші-қон саласындағы бақылау-қадағалау, қызмет көрсету және басқа да бағыттарын зерделеп, оларда сыбайлас жемқорлық көріністерін тудыратын тәуекелдерін, жасырын қызмет көрсету түрлерін және әкімшілік кедергілерін анықтау болып табылады. 

Сонымен қатар, сыртқы талдау жұымстарын Департамент, Көші-қон басқармасы, облыстық мемлекеттік кірістер департаменті және облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қызметкерлері бірлесіп, жүргізетін болады. 

Бұдан бөлек, облыс тұрғындары тарапынан Көші-қон саласы бойынша  туындаған кез-келген ұсыныстары мен мәселелері бойынша Агенттіктің желісі 1424 Call орталық арқылы хабарласу болатындығы жеткізіледі.
27 маусым 2022 ж. 447 0