Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Арал ауданына алғаш рет компьютерлік томография алынды

Арал ауданына алғаш рет компьютерлік томография алынды

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, тұрғындарды қолжетімді медициналық көмекпен қамту мақсатында аудандар арасында алғашқы болып Арал ауданына компьютерлік томография алынды, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz. 

Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев жұмыс сапары барысында ауданаралық орталық ауруханасының жұмысымен танысып, дәрігерлермен кездесті.

Жалпы құны 162 млн. теңге тұратын жылжымалы нысан «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ арқылы 5 жылға қаржы лизингі шартымен алынған. Мұнда хирургиялық, гинекологиялық, рентген, УЗИ, офтальмология, жалпы қабылдау бөлмелері және зертханалық медициналық қондырғылар бар.

Кешенді алудағы негізгі мақсат – алыс ауылдарда тұратын тұрғандарға медициналық қызмет көрсету.
Айта кетейік, бұған дейін, тұрғындар томография қызметін алу үшін облыс орталығына баратын болса, биылдан бастап ауданнан алып келеді.
23 маусым 2022 ж. 330 0