Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Министр Ажар Ғиният Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының марапатын иеленді

Министр Ажар Ғиният Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының марапатын иеленді

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Қазақстандағы ресми өкілі Кэролайн Кларинваль "Дені сау ұлт" ұлттық медициналық саммиті барысында ДДҰ Еуропалық өңірлік бюросының директоры Ханс Клюге атынан ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиниятқа марапатты табыс етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бүгін Қазақстанның денсаулық сақтау министрі доктор Ажар Ғиниятқа доктор Ханс Клуге атынан және ДДҰ Еуропалық өңірлік бюросының және ДДҰ Қазақстандағы елдік офисінің барлық қызметкерлері атынан марапатты табыстау мен үшін үлкен құрмет.Кэролайн Кларинваль

Ол Қазақстанда 19 маусым күні аталып өтілетін Медицина қызметкерлерінің келе жатқан күніне байланысты, доктор Ғиниятқа марапатын тапсыру ерекше толқыныс тудырғанын айтты.

"Доктор Ғиният, мен Қазақстандағы пандемиямен күреске қосқан зор үлесіңіз үшін алғыс айтамын және сізге және Қазақстанның барлық денсаулық сақтау қызметкерлеріне зор денсаулық, амандық тілеймін, өзіңізді қорғаңыз", - деді Кэролайн Кларинваль марапатты министрге табыстай отырып.
19 маусым 2022 ж. 375 0