Республикалық акция аясында түсіндірме жүргізілді

Оған айғақ отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастағы әйелдерге сыйламаушылық көрсетіп, былапыт сөйлеу, қорлап тиісу, кемсіту және жеке тұрғын үй немесе пәтер шегінде жасалған олардың тыныштығын бұзатын басқа да әрекеттерге қатысты істер санының азаймауы.
Бұған қатысты ҚР «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу туралы» Заңының 20 бабы басшылыққа алынып, құқық бұзушының мінез-құлқына ерекше талаптар белгіленіп, олармен профилактикалық жұмыстар жүргізіледі.
Осы ретте, Сырдария аудандық полиция бөлімінің ЖПҚ-ның УПИ-ы және әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы бірлесіп, аудан орталығындағы маскүнемдік және нашақорлық бойынша есепте тұратын тұрғындарға "Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ" республикалық акциясы аясында түсіндірме профилактикалық жұмыстар жүргізілді. Алдағы уақытта әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылық жасамау ескертілті.
"ТТ" ақпарат