Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордалық студенттер республикалық байқауда топ жарды

Қызылордалық студенттер республикалық байқауда топ жарды

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенттері Түркістан қаласында өткен II республикалық «Түрленген Түркістан» атты жас өнерпаздар байқауында топ жарды. Өнер додасында «Сән үлгісі» жанры бойынша «ALŞI ASIQ» шығармасын көрсетті, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.
 
«Байқауға жаңа композицияны бес ай бойы әзірлесек, оны тігу жұмыстары екі айды құрады. Бұл коллекцияның атауын «ALŞI ASIQ» деп атадық. Жолдары ашық болсын деген мағынада алшысынан түскен асықпен әрледік. Этностиль үлгісіндегі туынды сонысымен ерекшеленіп, қазылар алқасының көңілінен шықты», – деді «Сәндік қолданбалы және бейнелеу өнері» кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі, ҚР қолөнершілер Одағының мүшесі Айдана Әлайдарова.

Республикалық жарысқа университеттің «Дизайн» мамандығының студенттері – Әнел Серикбаева, Ақмарал Ермахан, Ақнұр Өмірбекова,  Назерке Абибуллаева, Айжан Болатова қатысып, студенттердің туындысы жоғары бағаланды. Сондай-ақ, жетекшілік жасаған Айдана Әлайдарқызы «Үздік жетекші ұстаз» дипломымен марапатталды.

Айта кету керек, «Дизайн» мамандығына қызығушылық танытқандар саны жыл сайын артып келеді. Бүгінде Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде бұл мамандық бойынша 94 студент білім алуда. Биыл 15 студент оқуын аяқтап, еңбек нарығына қосылмақ.


08 маусым 2022 ж. 189 0