«Жаужүрек полк» акциясы онлайн форматта өтеді
Биыл «Жаужүрек полк» акциясы онлайн форматта өтеді. Сонымен қатар Жеңіс күніне орай елордадан бастап еліміздің барлық өңірінде отшашулар ұйымдастырылмайды деп жоспарлануда.
ҚР Қорғаныс министрлігінің ақпаратынша, «Жаужүрек полк» акциясына орай бірыңғай ақпарат платформа әзірленген. Сондықтан акция әлеуметтік желідегі парақшаларда өткізіледі.
– Мұнда акцияға қатысушылар туралы бірыңғай деректер, сондай-ақ қазақстандық қатысушылар мен соғыс ардагерлері туралы мұрағаттағы ақпарат пен тарихи анықтамалар жүктеледі. Платформада өз туысы туралы ақпарат пен дерек қалдыруға болады. Ол ақпарат келер жылдары да пайдаланылады.
Еске салайық, ҚР Қорғаныс министрлігі биылғы 7 және 9 мамырда Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күнін мерекелеуге арналған әскери парадтарды өткізуден бас тарту туралы шешім қабылдағанын хабарлаған болатын. Мұндай шешім бюджет қаражатын үнемдеу және басқа да мәселелерді шешу қажеттілігінен туындады. Осы ретте 7 және 9 мамырда өткен әскери шерулер елде соңғы екі жылда пандемияға байланысты өткізілмегенін айта кетейік.
Айту керек, 2014 жылы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына орай Tengrinews.kz «Жеңімпаздар» жобасын іске қосты. Оған Қазақстанның әрбір азаматы қатыса алады. Толығырақ мәліметті ҚР Қорғаныс министрлігінің ресми сайтынан алуға болады.
«ТТ» ақпарат