Биыл Жеңіс күніне арналған әскери парад өтпейді
Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнін мерекелеу туралы хабарлама жариялады, деп жазды baq.kz.
2022 жылы Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің құрылғанына 30 жыл толуына және 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне арналған әскери парадты өткізу жоспарда жоқ.
Сонымен қатар, әскери-патриоттық іс-шаралар жоспарланған. Ұлы Отан соғысының және Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің ардагерлерін құрметтеу жөніндегі шаралар да бар.
Қорғаныс министрлігімен еліміздің барлық өңірінде өткізілетін 50-ге жуық түрлі шара жоспарланған.